АЭС салуға қатысты референдумға қанша қазақстандық қатыса алады?

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстандағы АЭС бойынша референдумға қанша қазақстандық қатыса алатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петровтың айтуынша, республикалық референдумда сайлау учаскелерінің екі түрі болады: азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және олардың уақытша барған жерлерінде құрылған.

«Референдум учаскелерінің жалпы саны — 10 327, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша 9 709 учаске және 618 уақытша болу орнында, 63 елде Қазақстаннан тыс жерлерде — 78 учаске. Референдум комиссияларының мүшелері саны 70 049 адам болады. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, жалпы ел бойынша 12 176 968 азамат референдумға қатысу үшін тізімге енгізілуге құқылы», — деді Петров.

Бұл ретте ол 1 шілдедегі көрсеткіш түпкілікті емес және негіз ретінде алынғанын түсіндірді.

«Әкімдіктер шілде-тамыздағы халық санының динамикасын ескереді және әрбір азаматтың референдумға қатысушылар тізіміне барынша толық енгізілуін қамтамасыз ету үшін берілетін өтініштерді ескереді», — деп қосты Петров.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...