АЭС салу бойынша референдум биыл күзде өтеді — Тоқаев

Президент Тоқаев Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өткізу туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек.

Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.