12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АЭС бойынша референдум: дауыс беретін учаскені қалай анықтауға болады?

Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі референдумда дауыс беру үшін өз учаскеңізді қалай табуға болады? Massaget.kz ресми сайт арқылы ақпаратты тез әрі оңай тексеруге болатыны туралы нұсқаулық дайындады.

Референдумда дауыс беретін учаскеңізді қалай анықтауға болады?

Бұл үшін referendum.gov.kz деген арнайы сайт іске қосылды. Өз учаскеңізді білу үшін мына қадамдарды орындаңыз:

  • referendum.gov.kz сайтына кіріңіз.
  • Тұрғылықты жеріңізді көрсетіңіз.
  • ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізіңіз.

Деректерді енгізгеннен кейін жүйе дауыс беру учаскеңізді көрсетеді.

Референдум күні басқа қалада болсаңыз не істеу керек?

6 қазанда басқа қалаға кетуді жоспарласаңыз, алдын ала құжат алыңыз. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша сайлау пунктіне бару қажет, құжатты 5 қазан сағат 18:00-ге дейін алу керек. Есептен шығару куәлігі сол елді мекеннің немесе қаланың басқа учаскесінде дауыс бергісі келетіндерге берілмейді.

Шетелдегі дауыс беру учаскесін қалай білуге болады?

Референдум күні шетелде болсаңыз, сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне аласыз. 62 елде 77 учаске құрылды. Учаскелердің тізімін бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы жариялады. 

Шет мемлекетте – жеке, қызметтік, оқу, іскерлік және туристік мақсаттар бойынша тұратын немесе уақытша болатын және жарамды паспорттары бар Қазақстан азаматтары референдумда дауыс бере алады.

Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат – 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.

Соғыс қимылдары болып жатқан Ливанда сайлау учаскесі ашылмайды деген шешім қабылданды.

Үйде дауыс беруге бола ма?

Денсаулық жағдайына, отбасының науқас мүшесінің күтіміне, мүгедектігіне немесе жасына байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтар үйде дауыс беруге құқылы. Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жүгіну қажет.

Қазақстанда АЭС бойынша референдум қашан өтеді?

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтеді.

Үкімет: 2025 жылы Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды.

«Жұмыссыздық жәрдемақысы 400 мың теңге»: Қазақстанда қанша төлейді және қалай рәсімдеуге болады?

Әлеуметтік желілерде жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны рәсімдеп, ай сайын 400 000 теңгеге дейін алуға болатыны туралы жазбалар кеңінен тарауда. Осы қаншалықты рас және не істеу керек?

Электросамокаттар көлікке теңестіріледі: Жаңа ереже не береді, не шектейді?

Қазақстан қалаларында электросамокатқа міну күнделікті көрініске айналды. Бірі оны кептелістен құтқаратын ыңғайлы көлік деп санаса, енді бірі жаяу жүргінші үшін қауіпті құралға айналды деп есептейді. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының артуы, тәртіпсіздік пен жауапсыздық қоғамда қызу талқыланып келеді.

2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр.