12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Адем» сауда үйінің кәсіпкерлері «Алматы паркинг» компаниясының әрекетіне неге қарсы?

Алматы қаласындағы «Адем-3» сауда үйінің кәсіпкерлері өздерінің бизнесіне қауіп төнгенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, қала әкімдігіне қарасты «Алматы паркинг» ЖШС сауда үйінің кіреберісіндегі баспалдағы мен адамдар жүретін жолды бұзу жөнінде бастама көтерген.
Бүгін сауда үйінің жалға алушылары бас көтеріп, қала әкімдігінен бұған жол бермеуді сұрады. Себебі, паркинг аймағы тротуардың жиек тасы шегіне дейін ғана созылады, ал «Адем» ғимаратының баспалдақтары мен кіреберістері осы шектен әрі, яғни сауда үйіне тиесілі жер телімінде орналасқан.


«Адем-3» сауда үйінің жалға алушысы Ирина Искакова кәсіп иелерінің атынан өз пікірін білдірді. Мұндағы кәсіпкерлер Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға ресми түрде хат жолдап, жағдайды жан-жақты тексеруді, «Алматы паркинг» компаниясының әрекеттеріне құқықтық баға беруді және сауда үйінің кіреберіс топтарын бұзуға жол бермеуді сұрады.
«Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мырзаға жанайқайымызды жеткізгіміз келеді. Біз салықты уақытында төлеп, жан бағып жүрміз. Сауда үйіндегі 200-ден астам жалға алушы екі жыл бұрын келген «Алматы паркинг» ЖШС кесірінен қарызға кіріп, табыссыз қалатын түрі бар. Себебі, бұл мекеме сауда үйінің аумағын тартып алып, 23 жылдан бері ешқандай да даулы мәселеге айналып, кедергі келтірмеген баспалдақтарды алып тастап, автотұрақ жасамақшы. «Алматы паркинг» ЖШС мен «Адем» сауда үйімен соттасып, бейбіт ымыраға келген болатын. Алайда, соңғы уақытта «Алматы паркинг» бұл мәселені қайта қозғап, нысанның кіреберіс бөліктерін бұзуға әрекеттеніп отыр», – дейді жалға алушы Ирина Искакова.


Сауда үйі өкілдерінің атйуынша, бұл жер паркинг қызметінің аумағына мүлдем кедергі келтірмейді.


«Сонда сауда үйіне келушілер қалай жүріп-тұрады? Онсыз да қаншама бос жері көп паркингті қайда ұзартпақшы? Бұл көлік тұрағының өзі біздің арқамызда ғана жұмыс істеп тұр. Сондықтан бұл мәселеге араласып, тротуар мен баспалдақты өз жайына қалдыруға көмектесуіңізді сұраймыз. Бұдан қиын жағдайға тап болып, зардап шетегін – кәсіп иелері ғана», – деді жалға алушылар.


Ал «Адем-3» сауда үйінен орынды жалға алып, кәсібін жүргізіп отырған Аида Хамитова: «20 жылдан бері осы сауда үйінен нәпақа тауып келемін. Егер ғимараттың алдындағы баспалдақ пен тротуарын алса, жалға алушылардың біразы жұмыссыз қала ма? Мұндай қадам мыңдаған кәсіпкердің жұмысына кері әсер етіп, әлеуметтік шиеленістің артуына және экономикалық салдарға алып келуі мүмкін» деген сауалды төтесінен қойды.


Яғни, кәсіпкерлер әкімдікке қарасты құрылымның әрекеттері әділетсіз деп санайды. Сондай-ақ, олар қала әкімінен кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғауға және қаладағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға ықпал етуді өтінді. Себебі, «Мемлекеттік органдардың басты міндеті — азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және кәсіпкерлікті қолдау болуы тиіс» деп санайды.

Бұған дейін бұл жағдай Жетісу ауданы әкімдігінде қаралып, тараптар аудан әкімінің орынбасарының қатысуымен медиативтік келісімге келген. Келісім бойынша, «Адем» сауда үйінің кіреберісіндегі баспалдағына қатысты ешқандай талап қойылмайтыны нақтыланған. Ал қазір неліктен мәселені қайта қозғап, нысанның кіреберіс бөліктерін бұзуға әрекеттенгені түсініксіз.


Ал бұл дауға қатысты «Алматы паркинг» ЖШС-не хабарласып, мән-жайды анықтауға тырыстық. Жауабын қосымша жариялайтын боламыз.

Қазақстандық стартап Stanford University жанындағы жабық акселераторға қабылданды

Қазақстандық TrustMe IT-компаниясы Stanford University жанында жұмыс істейтін әлемдегі...

Партия «Байтақ» представила стратегию развития и планы на 2026 год

В Астане проходит IV Республиканский съезд партии зелёных «Байтақ»....

«Елді экологиялық мәдениетке тәрбиелеуіміз керек» — Азаматхан Әміртай

Астанада «Байтақ» жасылдар партиясының Республикалық IV Съезі өтіп жатыр....

Женисбек Заитбекович — «Мықты ұйымдастырушы»: той мен концерт өнерін жаңа деңгейге көтерген шебер

Биыл Қырғыз Республикасының Мәдениет министрлігі мәдени іс-шаралар мен кең...

HONOR Қазақстанда ИИ-агенті бар әлемдегі алғашқы өзін-өзі дамытатын Magic OS 10 операциялық жүйесін іске қосты

Жасанды интеллектке негізделген құрылғылар экожүйесіндегі жетекші жаһандық бренд HONOR Қазақстанда MagicOS 10 операциялық жүйесінің іске қосылғанын жариялады. Жаңа нұсқа HONOR Magic жәнеHONOR 400 сериялы құрылғыларда қолжетімді, ал алдағы үш ай ішінде жаңартуды басқа модельдер де алады. MagicOS 10 әлемдегі алғашқы ИИ-агенті бар, өзін-өзі дамытуға қабілетті операциялық жүйе, ол адам мен технология арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа дәуірін ашады. Қазақстандағы іске қосуHONOR компаниясының өңірге стратегиялық мән беретінін және озық инновацияларды бүкіл әлем пайдаланушыларына қолжетімді етуге ұмтылысын көрсетеді. MagicOS 10 дәстүрлі операциялық жүйелерден AI OS дәуіріне өту кезеңіндегі нақты қадам, яғни құрылғылар тек құрал...