12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»: №21 мекемеде Абайдың 180 жылдығына арналған дөңгелек үстел мен кітап көрмесі өтті

2025 жылғы 4 тамыз күні №21 түзету мекемесінде қазақтың ұлы ойшылы, ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты дөңгелек үстел мен кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандар арасында Абай мұрасын насихаттау, адамгершілікке, білім мен ізгілікке үндейтін рухани тәрбие беру болды.

Кітапхана қабырғасында өткен жиынға мекеме қызметкерлері, кітапхана мамандары, психологтар мен бірқатар белсенді сотталғандар қатысты. Дөңгелек үстел барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен айтылып, «Қара сөздеріндегі» адамгершілік, тәрбие, еңбек және білім тақырыптары талқыланды.

Іс-шараны ашқан мекеме әкімшілігі:

«Абай – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани ұстазы. Оның мұрасы бүгінгі күнге дейін өзектілігін жойған емес. Сотталған азаматтар үшін де Абайдың еңбектері — терең ой мен түзу жолдың бастауы», — деп атап өтті.

Сонымен қатар, кітапхана көрмесінде Абайдың шығармалары, қара сөздері, поэзиялық жинақтары мен ақын туралы жазылған ғылыми-танымдық еңбектер қойылды. Сотталған азаматтар Абайдың өлеңдерінен үзінділер оқып, өз ойларын ортаға салды.

Көпшілікті терең ойға жетелеген бұл іс-шара сотталғандар арасында рухани тазалықты, өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға ықпал етті.

Мекеме әкімшілігі мұндай тәрбиелік іс-шаралардың сотталғандардың оңалуына, өзін дамытуға және қоғамға қайта бейімделуіне оң әсері бар екенін айрықша атап өтті.

«Капитан Байтасов» фильмі көрсетілді

Бүгін, 2025 жылғы 12 қарашада, республикалық акция аясында «Құрмет...

Прошёл показ фильма «Капитан Байтасов»

Сегодня, 12 ноября 2025 года, в рамках республиканской акции...

Қылмыстық — атқару жүйесі органының ардагерінің үйінде сенбілік өтті

Ішкі істер министрлігінің ардагерлер күніне орай және Ішкі істер...

«Үміт сәулесі» – қолөнер арқылы жаңа өмірге қадам

№79 түзеу мекемесінде «Үміт сәулесі» атты ерекше іс-шара ұйымдастырылды....