12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Абай облысындағы әйелдер колониясында Абай Құнанбайұлына арналған лирикалық кеш өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД №23 мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдерге арналып ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Іс-шара басталмас бұрын қатысушылар ұлы ақынның өмірбаянымен, рухани мұрасымен және даналық сөздерімен танысты. Кеш «Көзімнің қарасы» әнімен ашылды. Әнді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, сотталған әйел орындады.

– Іс-шараның басты мақсаты – ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, сотталғандардың санасына «ел мұрасын жалғастырушы азамат болу» ұғымын сіңіру. Абайдың шығармашылығы арқылы жастардың жүрегіне жол тауып, рухани әлемге терең бойлау, – деді сотталғандар арасындағы тәрбие және психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ақмарал Қайранова.

Кеш барысында Абайдың өмір жолы туралы мәліметтер беріліп, өлеңдер оқылып, әндер орындалды, «Қара сөздерден» үзінділер тыңдалды, сондай-ақ Абайдың жастық шағынан сахналық көрініс көрсетілді. Жалпы шараға 30-ға жуық сотталған әйел қатысты. Олар рөлдерді бөлісіп, жан-жақты дайындалып, көрермендер үшін достық және жылы атмосфера қалыптастырды.

Кеш барысында қазақ әдебиеті пәнінің бұрынғы мұғалімі болған сотталған әйел өз әсерімен бөлісті:

– Бостандықта жүрген кезде қазақ әдебиеті пәнінен сабақ бердім. Абай шығармалары мен үшін тек әдебиет емес, өмірлік философия мен тәрбие құралы. Бүгінгі кеш мені сол бақытты күндерге қайта апарғандай болды. Осы кешті жүргізуге мүмкіндік беріп, өзіме сенім артқаны үшін мекеме әкімшілігіне шын жүректен алғысымды білдіремін, – деді ол.

Аталған әдеби кеш мекемеде жүргізілетін рухани және тәрбиелік іс-шаралардың маңызды бір бөлігіне айналды.

Следственный изолятор г.Кокшетау посетила министр здравоохранения РК

Министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова, в рамках рабочей...

В учреждении №21 состоялся литературный вечер, посвященный 180-летию Абая

В Абайской области состоялся практический литературный вечер «Абай тағылымы»,...

Абай облысында жас қызметкерлерді Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыру күні өтті

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын мерекелеу құрметіне Абай облысының әйелдер...

Астанадағы СИЗО-да қайтадан аяқ киімнің табанында телефонды өткізуге жасалған әрекет тоқтатылды

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №64 мекемесінде тағы...