Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында «Арқан тарту» ұлттық ойысы бойынша жарыс өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында «Арқан тарту» ұлттық спорт ойыны бойынша жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 30-ға жуық сотталған қатысты.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты нығайту және сотталғандарды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысуға ынталандыру.
Қатысушылар өздерінің күш-қайратын, төзімділігін және ұйымшылдығын көрсетті. Жарыс әділ әрі тартысты жағдайда өтіп, қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
– Мұндай іс-шаралар бізге серпін беріп, бірлікті сезінуге және өз күшімізді сынауға мүмкіндік береді. Жарыс барысында нағыз спорттық рухты сезінесің. Ең бастысы – салауатты өмір салтын ұстануға деген ынта артады, – деп өз әсерімен бөлісті сотталғандардың бірі.
– Спорттық іс-шараларды өткізу – сотталғандармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстың маңызды бағытының бірі. Командалық жарыстар тәртіпті нығайтуға, жауапкершілік сезімін, өзара көмек пен бір-біріне деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді. Алдағы уақытта да пайдалы бос уақытты ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады, – деп атап өтті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.
Мұндай іс-шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, тәртіпті нығайтуға, дене дайындығын дамытуға және өзара көмек пен сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...