Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде босатылуға дайындалып жатқан сотталғандарға ақпараттық-консультациялық кездесу өткізілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде босатылуға дайындалып жатқан сотталғандарға арналған ақпараттық-консультациялық кездесу өтті.
Іс-шара «Тірек нүктесі: кешенді қолдау және қайта әлеуметтендіру» жобасы аясында «ЦПГИ» КЕАҚ тапсырысы бойынша «Антарес-А» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Кездесу мекеменің тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «Антарес-А» қоғамдық қорының өкілдері қатысушыларға әлеуметтік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, босатылғаннан кейін көрсетілетін заңгерлік және психологиялық көмек туралы ақпарат беріп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, ниет білдірген сотталғандардың барлығы заңгер мен психологтың жеке консультацияларына қатысып, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделу және қайта әлеуметтену бойынша қажетті ұсынымдар алды.
Іс-шараға босатылуға дайындалып жатқан сотталғандар қатысты. Осындай кездесулер сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға бағынатын өмір салтын ұстануға ынталандыруға және босатылғаннан кейін қоғамға табысты бейімделуіне ықпал етеді.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...