«Әкімдіктерге су тасқыны болатынын қыста ескерткенбіз» — Қазгидромет директоры

Өңірлердегі әкімдіктер су тасқыны болатынын қыста ескерткен. Бұл туралы үкіметте «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлімбаеваның айтуынша, бүгінде Ақтөбе облысында су тасқынының шарықтау шегі төмендеп келеді.

«Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында су деңгейінің көтерілгені байқалады. Батыс Қазақстан облысында су деңгейі көтеріледі деп күтіледі. Трансшекаралық өзендер бойында су деңгейі көтеріледі. Қазір су деңгейі көтеріліп жатыр, жақын арада, апта аяғында, жұмадан бастап болады деп күтеміз», — деді «Қазгидромет» директоры.

Данара Әлімбаеваның айтуынша, синоптиктер су тасқыны болуы мүмкін аймақтар туралы ақпаратты қыста берген.

«Желтоқсаннан бастап су басу қаупі бар өңірлер болатынын айтып жатырмыз, бұл Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысында. Бұл аймақтарда су тасқыны қаупі жоғары болды. Бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Оның үстіне, наурыздан бері 100-ден аса ауа райы туралы ескерту жасалды», — деді ол.

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.