12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қаңтар оқиғасы: 1,5 мыңнан аса адам «жәбірленуші» деп танылды

Мұны орталық коммуникациялар қызметінде ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.

Қаңтар оқиғасына қатысты қозғалған қылмыстық істер бойынша 1,5 мыңнан аса жеке және заңды тұлға «жәбірленуші» деп танылған. 12 мыңнан астам адамнан жауап алынып, екі мыңнан астам әртүрлі сот сараптамалары тағайындалған.

«107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер (88 қылмыстық іс) айыптау актілерімен аяқталды», — дейді Әділов.

Сотқа 86 айыпталушы берілді (Алматы қ. – 48, Алматы обл. – 5, Ақмола және Түркістан облыстары — бір).

«Бүгін елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отрып 52 адамды соттады: олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға кесілді, ал екі адамға қатысты тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды», — деді Әділов.  

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 2729 қылмыстық іс бар, олар бойынша 255 адам күзетпен ұсталуда. 

Жасаған әрекетінің ауырлығы, жеке басының мінездемесін еске отырып, соттар 140 адамға қоғамнан алшақтатуға байланысты емес бұлтартпау шараларын тағайындады: үйқамақ — 62, кепіл — 33, ешқайда шықпау туралы қолхат — 45.

Бұрын аталғандай қылмыстық істердің негізгі бөлігі келесі қылмыстар бойынша тергелуде: ұрлықтар — 1 844, қарудың заңсыз айналымы — 343, мүлікті қасақана бүлдіру немесе жою — 144.

Сонымен қатар ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша бағдарлы жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні 1 006 қару, 20 307 оқ-дәрі алынған.

Есірткіге тәуекелділіктің соңы – қылмыс

Есірткі – қоғам дерті, ғасыр індеті. Ел ертеңіне алаңдаған...

«Справка о наличии либо отсутствии судимости в онлайн режиме»

Комитетом по правовой статистике и специальным учетам Генеральной Прокуратуры...

СРОК ЗА ГЛУПУЮ ШУТКУ

«Всякое действие имеет противодействие». Так гласит третий закон Ньютона....

В УСЛОВИЯХ НОВОГО ЗАКОНА

18 ноября 2022 года вводится в действие Конституционный закон...

Прокурорлар тұтынушылардың құқықтарын қорғады

Атбасар ауданының прокуратурасы жылу энергиясын пайдалану қызметі үшін тұтынушылардан...