12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған сотталғандар аутизмге шалдыққан 3 жасар Михаилға қолдау көрсетті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтар аутизмге шалдыққан 3 жасар Михаилге көмек беруге арналған қайырымдылық жәрмеңкесіне белсенділікпен атсалысты.

Қайырымдылық акциясы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметі басшылығы және өңірдегі «More lifе» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылған болатын.

Қаладағы сауда орталықтарының бірінде өткен жәрмеңкеде есепте тұрған азаматтар 3 жастағы Михаилды қолдауға келген Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (ЖШС) тәттілері мен түрлі қолөнер бұйымдарын сауда үйіне тасып, қол көмек берді. Жәрмеңкеде сатылған тәттілер мен қолөнер бұйымдарынан түскен қаражат Михаилдың еміне жиналатын шотқа жұмсалды.

Сонымен қатар, 3 жастағы Михаилды қолдауға арналған қайырымдылық шарасы шағын футболдан өткен турнирмен жалғасын тапты. Яғни, аталған турнирде 1 команда 10 адамнан құралған болса, ойынға қатысатын әр ойыншылар үшін төленген қаражат Михаилдың шотына аударылды.

«Еріктілер қатарынан табылып, қайырымдылық шараларына қатысу қазіргі уақытта менің хоббиіме айналды деуге де болады. Себебі, осындай шараларға қатысу барысында мен бос уақытымды өзім және мұқтаж жандар үшін пайдалы өткіземін, екінші жағынан жана ортамен танысамын.
Осы орайда Пробация қызметінің есебіне алынған күннен бастап мені осындай іс-шараларға, атап айтқанда спорттық, мәдени және еріктілердің шараларына қатысуыма ұсыныс жасап, бағыттаған Астана аудандық пробация қызметінің инспектор- психологы әділет капитаны Нұргүл Тюлегеноваға алғысымды білдіремін», — дейді пробация есебінде тұрған сотталған Е.

«Жалпы, Пробация есебінде тұрған сотталғандарды осындай қайырымдылыққа бағытталған іс-шараларға қатыстырудағы мақсатымыз – олардың бос уақыттарын қоғам үшін пайдалы өткізуге бағыттау және осы арқылы сотталғандар арасында қайта қылмыс жасаудың алдын-алу, түзелу жолына тәрбиелеу болып табылады.

Сонымен қатар, осындай шараларға белсенді қатысқан есепте тұрған сотталғандар тоқсан сайын мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапатталады және берілген алғыс хаттар есепте тұрған азаматтардың жеке істеріне тігіліп, олардың шартты түрде мерзімінен босатылуы кезінде ескерілетін болады»,- дейді Астана аудандық пробация қызметінің инспектор-психологы әділет капитаны Нұргүл Тюлегенова.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...