АҚШ – Иран келіссөздерінен кейін мұнай бағасы күрт төмендеді 

АҚШ пен Иран арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін әлемдік мұнай бағасы 3 пайыздан астам төмендеді. Нарықтағы құлдырауға мұнай жеткізіліміне қатысты қауіптердің азаюы және Ормуз бұғазының ашық күйінде қалуы әсер етті.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 3,31 пайызға арзандап, 77,90 долларға дейін түсті. Бұған дейін бағалар АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қатысты қатаң мәлімдемелері мен Тегеранның Ормуз бұғазын жабуы мүмкін деген қауіп аясында 82 доллардан асып кеткен болатын.

Швейцарияда өткен келіссөздердің алғашқы кезеңінен кейін АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс тараптар арасында ілгерілеу бар екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы қалыпты режимде жалғасып жатқаны айтылды.

Келіссөздер аясында АҚШ Иран мұнайын сатуға уақытша рұқсат берді. АҚШ Қаржы министрлігі жариялаған лицензияға сәйкес, Иранға мұнай, мұнай-химия және мұнай өнімдерін экспорттауға 21 тамызға дейін мүмкіндік беріледі.

Сарапшылардың пікірінше, Иран мұнайының әлемдік нарыққа қайта оралуы ұсыныстың артуына ықпал етіп, бағаның төмендеуіне әсер еткен.

Сонымен қатар, Парсы шығанағындағы негізгі мұнай өндірушілер – Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт және Ирак та жеткізілім көлемін ұлғайтып жатыр.

Дегенмен, сарапшылар өңірдегі тұрақсыздық толық жойылмағанын және мұнай өндірісін бұрынғы деңгейге қайтару әлі де күрделі міндет болып қала беретінін атап өтуде.

Қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 

Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлер мен танымал тұлғалар заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін.

Елена Рыбакина жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады 

Қазақстандық спортшы маусымды 8099 ұпаймен аяқтап, мансабында алғаш рет жылдық рейтингте бірінші орынға шықты.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады 

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Терроризм туралы жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін – ІІМ 

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың жетеуі – 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті.

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді 

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кетіп, өзіне тағылған айыптар бойынша ақиқатты анықтауға дайын екенін мәлімдеді.