Ақордада кадрлық ауыс-түйіс: Ерлан Қарин жаңа лауазымға келді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жарлыққа сәйкес, Ерлан Қарин бұрын атқарған Мемлекеттік кеңесші лауазымынан босатылды, — делінген Ақорданың хабарламасында. 

Ерлан Қарин 2022 жылдың маусым айынан бері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі қызметін атқарып келді. Оған дейін Президенттің көмекшісі, Президенттің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі, Президент кеңесшісі, сондай-ақ Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры және «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған. 

Ерлан Тынымбайұлы 1976 жылы дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік университетін және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Саяси ғылымдардың кандидаты. Еңбек жолында мемлекеттік басқару, ішкі саясат, стратегиялық зерттеулер және бұқаралық ақпарат құралдары салаларында түрлі басшылық қызметтерде болды. 

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымында Ерлан Қарин Мемлекет басшысының саяси бағытын іске асыруға, ішкі саясатты үйлестіруге және Президент Әкімшілігінің қызметін ұйымдастыруға қатысты негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді.

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған

Елдегі медицина қызметкерлері санитарлық бетперде тағуға міндеттелді

Алайда бұл талап тек денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне қатысты. Мұндай режим ауруға шалдығу қаупінің жоғары болуына байланысты енгізілген.

Азиада-2026 аяқталды: Қазақстан қандай нәтиже көрсетті? 

Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындары аяқталды. Қазақстан спортшылары 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль жеңіп алды.

Елімізде 2,2 млн бала тегін үйірмелер мен секцияларға қатысады 

Қазақстанда балалардың денсаулығы мен сапалы білім алуына жағдай жасау бағытында мектептегі тегін тамақтану, қосымша білім беру және білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.