12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесінде оң өзгеріс көп

Еліміздің сот жүйесі үнемі уақыт сұранысына сай дамуды мақсат етіп, уақыт көшінен қалмай келе жатқан сала. Алысқа ұзамай ақ еліміздің сот жүйесіндегі соңғы бес жыл ішіндегі өзгерістерге қарап-ақ көп нәрсені аңғаруға болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін нақты мысалдар келтіре кетсек, мәселен осы жылдар ішінде елімізде судьяларды іріктеуге қатысты көптеген өзгерістер орын алды. Нәтижесінде Жоғарғы Сот төрағасы бұрынғыдай біреуді судья қыла алмайды. Қабылданған жаңа тәртіп оған мүмкіндік бермейді.

Бір сөзбен айтқанда, біліксіз, кездейсоқ заңгерлерге 2019 жылдан бастап жол жабылды. Оларға қатысты талап та күшейе түсті. Мысал келтірер болсақ, соңғы 5 жылда әр бесінші судья жұмысынан босатылып, не төмендетіліп, не жазаға тартылған. Оның 99,2%, яғни 475 судьяның 471-і 2018-ші жылға дейін тағайындалғандар. Демек, судьялар корпусы жаңарып, тазарып келеді. Төрағалардың билігі мен тергеу органдарының судьяларға деген ықпалы азаюда. Судьялардың тәуелсіздігі күшейе түсуде.

Тағы бір оң өзгеріс,ауыр қылмыстар бойынша ақтау үкімі 7 есе өсті. Бұрын тергеу біреуді қамайық деп келсе, соттар 5% бойынша келіспейтін. Қазір 20% ға жетіп отыр. Баяғыдай бәрін соттай бермегесін прокурорлар өздері істерді қысқартуда. 2017-ші жылы 65 мың адамға іс түссе, былтыр – 35 мың істі болуы сөзіміздің дәлелі бола алады.

Халқымыз: «Жол мұраты — жету, дау мұраты – біту» деп бекер айтпаған. Жоғарғы Сот төрағасынан бастап барлық соттар халықты дауласуға емес, татуласуға шақырды. Нәтижесінде, сотқа түскен арыздар 5 жылда 2,5 есе азайып, 900 мыңнан 370 мыңға дейін азайған. Бұрын соттағы істердің 2-3% бойынша ғана татуласу болса, қазір – 40% жетіп қалдық. Мұның өзі саладағы медиациялық істер қатарынң көбейгенін аңғартады. Медиацияның тынысын ашатын көптеген оң өзгерістер орын алды.

Бір жарым жыл болды, әкімшілік әділет жүйесі жұмыс істеуде. Бұл жеке адам мен кәсіпкердің мемлекеттік органдармен соттасуы. Органдар бұрын 85% ұтып, 15% ұтылса, қазір 61% ұтылуда. Мұның бәрі үлкен жұмыстың бір бөлігі ғана. Осындай жұмыстардың арқасында халықтың сотқа деген сенімі артып келеді.

Осы орайда Жоғарғы Сот енгізген көп идеяның біріне тоқтала кетсек, әр облыста, әр қалада, әр ауданда сот бар. Онда 2 мыңнан астам судья жұмыс істейді. Күніне 6 мыңға жуық шешім шығарады. Адам болған соң олар да елмен араласады. Біреумен көрші, біреумен дос, біреумен құда дегендей. Оны жұрт көрмей тұрмайды. Сосын жергілікті билік бар, құқық қорғау органдары бар. Олар да судьямен таныс. Біреулер ұтылса, «анау судьяның танысы, бүйрегі соған бұрып кетті» деген өкпе аз емес. Осы бір күдіктің орнын толтыру мақсатында «Аумақаралық соттылық» жобасы іске асуда. Айталық, Қызылордада арыз берсеңіз, оны робот елдегі мыңнан астам судьяның біреуіне бөледі. Мысалы, Оралға немесе Петропавлға. Сонда жемқорлық азаяды, төрағалар мен жергілікті биліктің ықпалы болмайды. Судьялардың жүктемесі де теңеседі. Бұл тәртіп болашақта апелляцияға да енеді деп күтілуде. Тізе берсек салада оң өзгерістер өте көп. Халықтың сот жүйесіне сенімін арттырып, салада тәртіп пен ашықтық орнатуға ықпал еткен бұл өзгерістер алдағы уақытта да жасала бермек. Демек сот жүйесі уақыт сұранысына сай дами түседі.

Г. М. Биназарова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы.

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...