СУ ҚАУІПСІЗДІГІ – МЕМЛЕКЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Парламент Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысы өтті. Онда, қатысушылар су қауіпсіздігі мәселесін талқылады. Отырыс барысында сарапшылар су резервтерін басқаруды жақсарту жөнінде ұсыныстарын жасап, пікірлерін де білдірді. Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қатысты.

Отырысты ашқан Сенат төрағасы су тапшылығы және оның сарқылуы алдағы кезеңдегі жаһандық сын-қатерлердің бірі болатынын атап өтті. «Сумен қамтамасыз ету мәселесі Орталық Азия, оның ішінде біздің еліміз үшін өте өзекті. Қазақстанның бірқатар өңірінде су тапшылығы айтарлықтай сезіледі. Сондай-ақ, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік кешеннің дамуы да көбіне елдің сумен қамтамасыз етілуімен байланысты», – деді. Сонымен қатар, палата спикері іргелес мемлекеттермен су бөлудің және трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдаланудың маңызына назар аударды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді шешу үшін Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеуді тапсырды. Қазіргі қолданыстағы Су кодексі 2003 жылы қабылданған. Содан бері оған 70-тен астам өзгеріс енгізілді. Бұл құжатта су, ең алдымен, өндіріс факторы ретінде қарастырылады. Ал суды үнемдеу мен үнемді пайдалануға ынталандыру мәселелері ескерілмеген. Сондықтан қазір Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен депутаттардың алдында жаңа Су кодексін әзірлеу міндеті тұр. Ол құжатта су саясатына қатысты жаңа, заманауи тәсілдер ұсынылуға тиіс», – деді Мәулен Әшімбаев. Сенат төрағасы азаматтардың, шаруалардың және кәсіпорындардың суды тиімді тұтынуын ынталандыратын жүйелі нормалар қажет екенін де тілге тиек етті. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және тұрғын үй-коммуналдық салада суды пайдалану мен тазалаудың тұйық циклін қалыптастыру осы бағыттағы маңызды міндеттердің бірі болуы керектігі айтылды. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова отырысқа қатысушыларға су саласындағы мәселелерге байланысты айтқан кешенді көзқарастары және бүгінгі жағдайды жан-жақты талдағаны үшін алғысын білдірді. Одан бөлек, министр жаңа идеяларды әзірлеуде мемлекеттік сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеу маңызды екенін атап өтті және алдағы уақытта өзекті мәселелер бойынша жүйелі ынтымақтастық орнатуға дайын екендігін білдірді. Іс-шараға қатысқан Жас сарапшылар клубының мүшелері де тұжырымдаманың орнықты дамуы мен практикада қолданылуына, әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен экожүйелерді сақтауға, климаттық тәуекелдерді реттеудің халықаралық тәжірибесіне және су қауіпсіздігінің басқа да өзекті мәселелеріне қатысты ойларымен бөлісіп, бірқатар ұсыныстарын айтты.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.

Еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады

13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп болжанды,

Тоқаев АҚШ-қа барады: Сапар алдында Астана мен Вашингтон келіссөздерді бастады 

Майами қаласында өтетін «G20» саммитіне Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады.

Колумбияда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

10 тамызда Колумбияда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 230 адамнан асты.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.