Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

9, 10 және 11 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейсенбі, жұма және сенбі күндері бірқатар өңірде екпінді жел мен көктайғақ құбылыстарымен бірге қар, қар аралас жауын-шашын болады.

9 наурызда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

«Алдағы үш күнде республика бойынша тұман күтіледі. Республиканың басым бөлігінде температуралық фонның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді, тек республиканың солтүстік, орталық, шығыс облыстарында түнде ауа температурасы 5-18 градус аязға дейін төмендейді», — делінген хабарламада.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.

Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 

Негізгі қағида – рюкзак баланың бойына сай әрі ыңғайлы болуы, ал толық жиналған кездегі салмағы оның дене салмағының 10%-ынан аспауы керек.

Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсті: ХЕҰ негізгі себептерді атады 

ХЕҰ мәліметінше, 2025 жылы 15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 12,4%-ға жеткен

Алматыда LRT құрылысына дайындық басталды: Ол қашан іске қосылады? 

Алматыда LRT бірінші желісінің құрылысына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі кезеңде негізгі жұмыстар Б. Момышұлы және Төле би көшелерінде жүргізілуде.

Тамыздан бастап мерекелік төлемдерді ЖИ тағайындайды 

Еңбек министрлігі әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыруды күшейтіп, бір өтініш арқылы қызмет алуға мүмкіндік беретін бірыңғай платформаны барлық өңірде іске қосты.