7 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады деп болжанады.

Қарағандыда күндіз оңтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Көкшетауда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні — 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда түнде және таңертең солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с, Қонаевта оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың аккаунты уақытша бұғатталуы мүмкін

Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне шектеу қоюға қатысты заң жобасының әзірленіп жатқанын айтты.

Қазақстан-Оман: Маңызды құжаттарға қол қойылады 

Оман Сұлтанының елімізге сапары аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Елімізде ауа райы күрт бұзылып, өңірлерде қар аралас жауын-шашын түседі

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қорғаныс министрлігінің тексерісінен кейін 13 қылмыстық іс қозғалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінің ауқымды тексерісінің алғашқы нәтижелері...

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған