Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 7-9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағы бойынша Атлантикалық циклон батыстан шығысқа қарай жылжиды. Ауа райының тұрақсыз сипаты қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын, екпінді жел және көктайғақ құбылыстары, республиканың оңтүстігінде жаңбыр болады. Барлық кезеңде шығыста, 7 наурызда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 8 наурызда оңтүстікте, 8-9 наурызда республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

«Батыста тек 8-9 наурызда, 9 наурызда елдің орталығында жауын-шашын тоқтайды деп болжанған. Республика бойынша тұман күтіледі. Кезең аяғында еліміздің солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде түнгі уақытта температура фоны 7-17 градус аязға дейін, оңтүстік өңірлерде түнде 5 градус аяз — 5 градус жылы, күндіз 5-12 градус жылыға дейін төмендейді деп күтіледі», — делінген хабарламада.

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың аккаунты уақытша бұғатталуы мүмкін

Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне шектеу қоюға қатысты заң жобасының әзірленіп жатқанын айтты.

Қазақстан-Оман: Маңызды құжаттарға қол қойылады 

Оман Сұлтанының елімізге сапары аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Елімізде ауа райы күрт бұзылып, өңірлерде қар аралас жауын-шашын түседі

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қорғаныс министрлігінің тексерісінен кейін 13 қылмыстық іс қозғалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінің ауқымды тексерісінің алғашқы нәтижелері...

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған