Қоғамдық орында былапыт сөз айтқандарға салынатын айыппұл мөлшері өсті

Қазақстанда қоғамдық орындарда былапыт сөз айтқандарға (ұсақ бұзақылық) салынатын айыппұл төрт есе өсті. 6 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді былапыт сөздер үшін айыппұл мөлшері — 69 000 теңге (бұрын 17 250 теңге болған) немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу.

Еске салайық, түзетулер алғаш ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Президент түзетулерге 2023 жылдың 3 қаңтарында қол қойған болатын.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.

Еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады

13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп болжанды,

Тоқаев АҚШ-қа барады: Сапар алдында Астана мен Вашингтон келіссөздерді бастады 

Майами қаласында өтетін «G20» саммитіне Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады.

Колумбияда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

10 тамызда Колумбияда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 230 адамнан асты.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.