23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада жаяу бұрқасын, көктайғақ. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Атырау облысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні — 15-20 м/с.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с.

Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жаңбыр, қар жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.

Қазақстанда электр энергиясының 62 пайызы көмірден өндіріледі 

Энергетика министрлігі елдегі электр энергиясын өндірудің түрлі көздерін теңгерімді дамытуға басымдық беріп келеді. Қазіргі таңда Қазақстанның энергия теңгерімінде көмір генерациясы негізгі рөл атқарады.

Үкімет ең төменгі жалақыны көтеру мүмкіндігін қарастырып жатыр

85 мыңнан 150 мыңға дейін: Ең төменгі жалақы өссе кім ұтады, кім ұтылады?

АҚШ пен Иран соғысты тоқтату жөніндегі келісімге келді 

Келісім аясында Иран бірнеше ай бойы іс жүзінде жабық болған Ормуз бұғазын қайта ашуға келісті.

Мемлекет болашағы үшін ортақ жауапкершілік: AMANAT «Әділет» партиясына қосылуды қолдады 

AMANAT съезінде партияның алдағы бағыты талқыланып, «Әділет» партиясына қосылу туралы мәлімдеме жасалды.

Сталкинг: между законом и реальностью

ЗА ПЯТЬ МЕСЯЦЕВ ТЕКУЩЕГО ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ЗАРЕГИСТРИРОВАЛИ 248...