Қазақстанда 30 жылға жуық уақыт ішінде қанша төлқұжат пен жеке куәлік берілді?

Қазақстанда 29 жылда қанша төлқұжат пен жеке куәлік берілгені айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттар Қазақстанда ескі КСРО төлқұжаттарының орнына 1994 жылы енгізілді. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі елімізде 29 жыл ішінде қанша төлқұжат пен жеке куәлік берілгені туралы ресми ақпарат таратты.

1994 жылдан қазіргі уақытқа дейін республиканың Ішкі істер министрлігі жүйесінде 14 962 584 төлқұжат және 41 585 577 жеке куәлік берілген.

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңға сәйкес, кез келген азамат төлқұжатында өз қалауы бойынша ұлтын көрсете алады.

«Ұлты құжатты бірінші рет алған кезде де, оны ауыстырған кезде де көрсетілмеуі мүмкін. Бүгінде бұл құқықты 522 620 азамат пайдаланған», — деді ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттарын Қазақстан азаматының төлқұжаттары мен жеке куәліктеріне ауыстыру 1999 жылдың 1 наурызында аяқталған.

«Қазақстан Республикасында 1974 жылғы КСРО төлқұжаттары бойынша тұратын тұлғалардың тіркелмегеніне байланысты төлқұжаттарын айырбастамаған азаматтардың саны туралы мәлімет беру мүмкін емес», — деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілдері.

Ресми деректерге сәйкес, республика азаматтарының жеке куәлігінсіз немесе жарамсыз жеке куәлігімен тұруы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады: күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімге – ескертуге, бір айдан астам мерзімге – айыппұл салуға әкеп соғады — 7 АЕК (24 150 теңге).

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың аккаунты уақытша бұғатталуы мүмкін

Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне шектеу қоюға қатысты заң жобасының әзірленіп жатқанын айтты.

Қазақстан-Оман: Маңызды құжаттарға қол қойылады 

Оман Сұлтанының елімізге сапары аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Елімізде ауа райы күрт бұзылып, өңірлерде қар аралас жауын-шашын түседі

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қорғаныс министрлігінің тексерісінен кейін 13 қылмыстық іс қозғалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінің ауқымды тексерісінің алғашқы нәтижелері...

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған