Елімізде жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлер күні пайда болуы мүмкін. Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді 15 сәуірде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлер күні аталып өтуі мүмкін.

Түсіндірме жазбада мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің өздерінің кәсіби мерекелері жоқ екені, бұл олардың біртұтас салаға және кәсіби қоғамдастыққа қатыстылығын сезіну мүмкіндігінен айыратыны атап өтілген.

«Мұндай мерекені кәсіби мерекелер қатарына қосу мемлекеттік қызметшілердің бір салаға, біртұтас кәсіби қоғамдастыққа қатыстылығын сезінуге мүмкіндік береді, сонымен қатар корпоративтік мәдениетті одан әрі дамытуға ықпал етеді», — делінген құжатта.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.

Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 

Негізгі қағида – рюкзак баланың бойына сай әрі ыңғайлы болуы, ал толық жиналған кездегі салмағы оның дене салмағының 10%-ынан аспауы керек.

Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсті: ХЕҰ негізгі себептерді атады 

ХЕҰ мәліметінше, 2025 жылы 15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 12,4%-ға жеткен

Алматыда LRT құрылысына дайындық басталды: Ол қашан іске қосылады? 

Алматыда LRT бірінші желісінің құрылысына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі кезеңде негізгі жұмыстар Б. Момышұлы және Төле би көшелерінде жүргізілуде.

Тамыздан бастап мерекелік төлемдерді ЖИ тағайындайды 

Еңбек министрлігі әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыруды күшейтіп, бір өтініш арқылы қызмет алуға мүмкіндік беретін бірыңғай платформаны барлық өңірде іске қосты.