2030 жылға қарай Алматыда халық саны 2,5 миллион адамға жетеді

Бас жоспарды әзірлеушілер Алматыда халық саны артады деп болжаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының бас жоспарын қоғамдық талқылау барысында әзірлеушілер қала тұрғындарының өсу болжамы туралы айтты. Сәулетшілердің айтуынша, қала халқы негізінен механикалық өсім есебінен – 60 пайызға, яғни келушілер есебінен өсіп жатыр, ал өсімнің тек 40 пайызы туу көрсеткіші есебінен — табиғи өсім.

«2014 жылы халық санының механикалық өсімі 134 000 адамға көбейгенін көріп отырмыз. Әрі қарай, халық санының өсу қарқыны жалпы алғанда біркелкі болды. Ұсынылған болжамды халық санының басым бөлігі табиғи өсім арқылы өседі деп болжаймыз. Механикалық өсімнің аздаған төмендеуі болады. Табиғи өсім 2021 жылғы 47 пайыздан 2050 жылға қарай 60 пайызға дейін артады», — дейді бас жоспарды әзірлеуші ​​Тамара Залогина.

Бас жоспарды әзірлеушілердің болжамы бойынша, 2030 жылға қарай қала халқының саны 2,5 миллион адам болса, 2040 жылға қарай 3 миллион адамға, 2050 жылы 3,6 миллион адамға жетеді.

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.

І тоқсан аяқталуға жақын: мектеп оқушылары бір апта демалады

Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады.

2027 жылы Рамазан қашан басталады? ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша беріледі? 

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.