2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қай сала қызметкерлерінің жалақысы өседі?

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қай сала қызметкерлерінің жалақысы өседі — Tengrinews.kz материалында.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 70 000 теңге болады. Жұмыс берушілер қызметкерлерге ЕТЖ-дан төмен емес деңгейде жалақыны қамтамасыз етуге міндетті. Соның арқасында түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда барлық салада жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейін 1,8 миллионға жуық жалдамалы қызметкердің ақшалай табысы өседі.

Педагогтер

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледж педагогтерінің, сондай-ақ, қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы 25 пайызға өседі.

Сонымен қатар, мұғалімдер алатын жалақыға қосымша төлемдер белгіленеді. Бұл біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақының 30 пайызынан 50 пайызына дейін, магистр дәрежесі үшін, ағылшын тілінде пәндерді жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер.

Денсаулық сақтау қызметкерлері

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, медбикелердің жалақысы 20 пайызға дейін өсетінін хабарлады.

«Дәрігердің орташа жалақысын 531 мың теңгеге, орта медицина қызметкерінің жалақысын 249 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып жатыр», — деп толықтырды министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.

Министрлік мәліметінше, медицина қызметкерлерінің, соның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары педагогтерінің жыл сайынғы жалақысы 20 пайызға өседі.

Өртсөндірушілер

ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері 2023 жылы Үкіметтің қаулысына бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне өзгеріс пен толықтыру енгізілетінін, онда жалақының өсуі лауазымдар санатына байланысты 10-70 пайыздан басталатынын айтты.

Полиция

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бастап лауазымдық жалақылар өседі:

  • жоғары оқу орындарының оқытушылары 33 пайызға;
  • орталық аппарат инспекторлары 23 пайызға дейін;
  • аудандық деңгейде 21 пайызға дейін;
  • аймақтық деңгей 18 пайызға дейін;
  • кіші басшы құрам 19 пайызға дейін;
  • сыртқы қызметтердің қызметкерлері 13 пайызға;
  • патруль полиция қызметкерлері 10 пайызға.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап полицияда үш жылда бір рет макроэкономикалық көрсеткіштерге байланысты жалақыны индекстеледі.

Әскери қызметшілер

2023 жылы Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақысын орта есеппен 60 пайызға арттыру жоспарланып жатыр.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қарулы Күштер мен Ұлттық ұланның ұшу құрамының лауазымдық жалақысы көтерілетінін; әскери медицина қызметкерлерінің ақшалай жәрдемақысы азаматтық медициналық мекемелердегі медицина қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне дейін арттырылатынын; жоғары әскери оқу орындары оқытушыларының жалақысы азаматтық жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақы деңгейіне дейін өсетіні хабарланды. Сондай-ақ, ТЖ салдарын жою кезінде Ұлттық ұлан мен Ішкі істер министрлігіне ұқсас үш еселенген жәрдемақы мөлшерінде төлемдерді арттыру қарастырылған.

Студенттердің стипендиясы

2023 жылғы 1 қыркүйеутен бастап университет студенттерінің шәкіртақысы 20 пайызға, ал магистранттар мен докторанттарға арналған шәкіртақы 15 пайызға өседі.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.