12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотта өкіл болу жауапкершілігі жоғары

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ, заңды мүдделерін қорғаудың Конституциямен бекітілуі  әрбір адамның білікті заң көмегін алуына кепілдік береді. Сондықтан, мақаламызда сотта өкіл болу тәртібіне тоқталамыз. Өкілдік ету бұрыннан келе жатқан маңызды процессуалды институт. Өкіл сот өндірісіне қатысы бар тұлғалар құқықтарының және жалпы әділеттілік саласындағы жауапкершіліктердің нақтылы түрде қорғалуына жәрдемдеседі.

Азаматтың белгілі бір себептерге байланысты сот отырысына қатыспауы немесе уақыты болмауы мүмкін. Сондай кезде ол өзінің құқығы мен заңды мүддесін өкілі арқылы қорғай алады. Сонымен қатар, ол іске өзі қатысса да өкіл алуға құқылы.

Заң талаптарымен айқындалғандай, сотта өкілдік ететіндердің жоғары заңгерлік білімі болуы керек. Сенімхатқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген істі сотта жүргізуге тиісті түрде ресімделген өкілеттіктері бар әрекетке қабілетті адам 57-баптың үшінші бөлігіне сәйкес (АПК) сотта өкіл бола алады.

Осы Кодекстің 58-бабымен тапсырма бойынша өкілдік ету талаптары ал, 59-бапта өкіл бола алмайтын тұлғалар нақтыланған. Мысалы, сотта судьялар, тергеушілер, прокурорлар, сондай-ақ, депутаттар өкіл бола алмайды. Бұл қатарда  Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заң талаптарын бұзған адвокаттар мен заң консультанттары палатасының мүшелері, сондай-ақ, денсаулық жағдайына байланысты өз бетінше өкілдікті жүзеге асыра алмайтындар да бар. Бұларға тапсырма бойынша өкілдік етуге тыйым салынған.

Тапсырма бойынша өкілдер шеттетілген жағдайда басқа өкілдің өкілеттігін ресімдеуге және оның іс материалдарымен танысуына сот бес күн уақыт белгілейді. Өкілдің өкілеттіктері АПК-нің 60-бабында көрсетілген. Өкілеттіктер заңды түрде ресімделген сенімхатпен расталып, сенім білдірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қоса беріледі.

Кәсіптік одақтар мен өзге ұйымдардың өкілдері сотқа құжаттарды АПК-нің 58-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақшаларының тәртібімен өткізеді. Адвокаттың істі жүргізу өкілеттігі оның қызметтік куәлігімен және қорғау туралы хабарламамен жазбаша түрде рәсімделеді.  Сондай-ақ, оның 60-баптың бірінші бөлігінде көзделген процестік әрекеттерді жасауы сенімхатпен куәландырылады.  Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті басшы немесе уәкілеттігі бар тұлға береді.

62-бап талабына орай, әрекетке қабілетсіз, кәмелеттік жасқа толмағандар мен сот әрекет қабілеті шектеулі деп танығандарды сотта заңды өкілдері, атап айтқанда, ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары, патронат тәрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа адамдар қорғайды. Бұл үшін олар сотқа өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынулары керек. Ал, азаматтар хабарсыз кеткен жағдайда олардың мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асыратын адам өкіл болады. Мұрагерлікке қатысты да айтып өтсек, егер мұраны ешкім қабылдамаса, мүлік өзіне сенімгерлік басқаруға берілген азамат өкіл ретінде әрекет етеді. Заңды өкілдер барлық процестік әрекетті заң шеңберінде жасап, істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.

Сотта өкілдік етіп, басқа азаматтың құқығы мен заңды мүддесін қорғау өкілге үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы себепті сенім білдірушілер мен сенімге ие болушылардың заң талаптарын жан-жақты меңгерулері міндет.

Әлинасыр Қадыров,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...