Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар!

1991 жылғы 16 желтоқсан — төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл — егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн.

Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау — қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті — бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.

Біз тамыры терең мемлекеттігіміздің маңызды белестерін ұлықтап, ұлтты ұйыстыратын ортақ құндылықтарды нығайта береміз. Сол арқылы қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете түсеміз.

Тәуелсіздік — баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау — әр азаматтың қастерлі борышы.

Биыл еліміз үшін бетбұрысты жыл болды. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. Елдігімізге іштен де, сырттан да зор қауіп төнді. Дегенмен мызғымас бірлік пен ырыс-ынтымақтың арқасында барлық қиындықты еңсеріп келеміз.

Біз ауқымды саяси және экономикалық реформаларды қолға алып, мемлекетімізді жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Бұл бастамаларды табысты жүзеге асыру — әрқайсымыздың қолымызда.

Егемен елімізді одан әрі дамыту — алдымызда тұрған басты міндет. Біз осы жолда аянбай еңбек етуіміз қажет. Сонда ғана Қазақстан қуатты мемлекетке айналады.

Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Қазақстанымыз өркендей берсін! Қасиетті Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!» — деді Президент.

Оқулықтардан 700-ден астам қате табылды: Балаева мектеп кітаптарын жаппай жаңарту жоспарын жариялады 

Кейбір оқулықтар 9 жыл бойы жаңартылмаған. Аида Балаева қандай қателер анықталғанын айтып, қай сыныптардың кітаптары өзгеретінін мәлімдеді.

Қазақстандағы ең қымбат қалалар аталды

Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсуді жалғастыруда. Баға бойынша Астана мен Алматы алда тұр, ал Атырау үштікті аяқтайды. 

Қанша қоңыраудан кейін сталкинг басталады? – депутат 

Қазақстанда сталкингті құқықтық тұрғыдан реттеудегі басты мәселелердің бірі – адамның қарым-қатынас орнату еркіндігі мен жеке өмірге қол сұқпау құқығы арасындағы тепе-теңдікті сақтау.

Қазақстанда бес айда сталкинг бойынша 83 қылмыстық іс сотқа жолданды

Елімізде сталкинг пен некеге мәжбүрлеу фактілеріне қатысты ондаған қылмыстық іс сотқа жіберілді.

ҰБТ-дан 140 балл жинаған жалғыз түлек кім?

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, төртінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады.