spot_img
spot_img

АЛҚАБИЛЕР ҚАРАЙТЫН ІСТЕР ҚҰРАМЫ КЕҢЕЙДІ

Парламент Мәжілісінде Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдрашид Жүкенов депутаттарға «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне алқабилердің қатысуымен сот қарайтын істер санатын кеңейту бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. Заң жобасы Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген. «Елімізде алқабилер соты 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді және 15 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бұл – біздің сот жүйесін дамыту бағытында өте маңызды шара. Алқабилер соты жарыспалылық пен тараптардың теңдігі, кінәсіздік презумпциясы секілді қылмыстық процестің негізгі қағидаттарын бекітуде маңызды рөл атқарады. Қазір алқабилер соты барлық қаралған істердің 10%-на дейін ақтау үкімін шығарады. Алқабилердің қарауына жататын істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің сапасы әлдеқайда жоғары. Тараптар сот талқылауында белсенділік білдіреді», – деді Ә.Жүкенов.

Спикердің сөзінше, 2007–2009 жылдары алқабилер өлім жазасы мен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын қылмыстар бойынша істерді қарады. Осы кезеңде алқабилердің қатысуымен жылына 50-ге жуық іс қаралды. (2007 жылы – 36 іс, 2008 жылы – 44 іс, 2009 жылы – 65 іс). Бұл – соттар қараған барлық аса ауыр қылмыстық істердің шамамен 9 пайызы. 2010–2012 жылдары алқабилер қарайтын істер санаты бүкіл аса ауыр қылмыстарға кеңейтілді. Мұндай қадам алқабилердің қатысуымен қаралатын істер санының 10 есеге артуына мүмкіндік берді. Істердің саны жылына 300-ден асты, бұл – соттар қараған барлық аса ауыр қылмыстық істердің 14 пайызын құрайды. 2013 жылдың шілдесінде алқабилер соты қарайтын істер санаттары қайта азайтылды, олардың қарауына тек өлім жазасы мен өмір бойына бас бостандығынан айыруға әкеп соғатын істер ғана қалды. Мұндай өзгеріс алқабилер қатысатын істердің күрт төмендеуіне әкелді. Осылайша халық өкілдері жылына шамамен 50-60 істі ғана қарады. Бұл – соттар қараған бүкіл аса ауыр қылмыстық істердің шамамен 3%-ын ғана құрайды. 2015 жылы алқабилер қарайтын істер санаты аса ауыр қылмыстардың 14 құрамына дейін кеңейді. Ал 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2019 жылғы 27 желтоқсандағы заңға сәйкес алқабилер сотының соттылығы тағы 16 құрамға көбейтілді. Соның нәтижесінде келесі жылдан бастап алқабилердің қатысуымен аса ауыр қылмыстардың түгелге жуығы (31 құрамы) қаралатын болады. Заң жобасын таныстыру барысында алқабилердің соттылығын кеңейту және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы 13 ауыр қылмыс құрамын беру көзделетіні мәлімделді. Бұл Қылмыстық кодекстің: – 116-баптың 2, 3-бөліктері (адамның дене мүшелерін заңсыз алу); – 146-баптың 2, 3-бөліктері (азаптау); – 249-баптың 2-бөлігі (рейдерлік); – 317-баптың 4-бөлігі (медицина қызметкерінің әрекеттерінен абайсызда екі немесе одан да көп адамның қаза болуы); – 335-баптың 4-бөлігі (ауыр салдарға әкелген балық пен басқа да су жануарларын заңсыз аулау); – 337-баптың 4, 6-бөліктері (ауыр салдарға әкелген заңсыз аң аулау); – 345-баптың 4-бөлігі (көлік құралын басқарғанда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы); – 345-1-баптың 4-бөлігі (көлік құралын мас күйінде басқарып, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы); – 346-баптың 5, 6-бөліктері (көлік құралын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде көлік басқарғанда адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы). Жалпы алғанда, алқабилер сотының қарауына 44 құрам жататын болады.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,