Парламент Конституциялық сот құру туралы заң қабылдады

ҚР Парламенті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы шағымдар бойынша Конституциялық сотқа жүгінуге мүмкіндік беретін заң қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Парламентінің Сенаты пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы» Конституциялық заң қабылдады. Заңға сәйкес қазақстандықтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын заңдарға немесе нормативтік-құқықтық актілерге дауласа алады. Азаматтардың өтініштерін Конституциялық сот қабылдайды.

Заңның қабылдануын түсіндірген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жүргізіліп жатқан жұмыстың басты міндеті — заңның үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту және халықтың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін арттыру екенін айтты.

«Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың маңызды мақсаты адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту, орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктің теңгерімін қамтамасыз ету. Бүгін қабылданған заң демократиялық институттардың дамуына, азаматтардың мемлекеттік және саяси құрылымдарға деген сенімін нығайтуға ықпал ететін болады. Бұл, әрине, әділ Қазақстанды құрудағы маңызды қадам», — деп атап өтті Әшімбаев.

Сонымен қатар, Сенат «Прокуратура туралы» заң қабылдады. Ол республикалық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Прокуратураның негізгі міндеттері адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау, ел аумағында заңдылықты қамтамасыз ету.

«Прокуратура органдарының қызметі алғаш рет Конституциялық заңмен реттелетінін атап өткен жөн. Бұл қадам еліміздің құқық қорғау жүйесін жетілдіруге маңызды үлес қосады деп үміттенеміз», — деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды 

Қазақстанда Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға санкция берді.

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың аккаунты уақытша бұғатталуы мүмкін

Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне шектеу қоюға қатысты заң жобасының әзірленіп жатқанын айтты.

Қазақстан-Оман: Маңызды құжаттарға қол қойылады 

Оман Сұлтанының елімізге сапары аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Елімізде ауа райы күрт бұзылып, өңірлерде қар аралас жауын-шашын түседі

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қорғаныс министрлігінің тексерісінен кейін 13 қылмыстық іс қозғалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінің ауқымды тексерісінің алғашқы нәтижелері...