12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ БАСТЫ ОРЫНДА

Үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы шығыстарының құрылымы өзгерді. Бұл ағымдағы нысаналы трансферттерді жергілікті бюджеттер базасына беруге байланысты орын алмақ. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаралған «2023–2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы кезінде бұл мәселе жанжақты айқындалды. Еліміздің 2027 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген жоба бойынша трансферттердің салалық бағыты сақталады.

– Әлеуметтік салаға бөлінетін қаржыны 2 трлн теңгеге ұлғайта отырып, 2023 жылы 10,6 трлн теңгеге жеткізу көзделген. Шығыстардың өсуі жыл сайынғы индексациялаумен және зейнетақы мен жәрдемақы алушылар контингентінің ұлғаюына; педагогтардың, дәрігерлердің, медициналық емес қызметкерлердің және азаматтық қызметшілердің жалақысын арттырумен байланысты. Экономиканың нақты секторын қолдауға арналған бюджет шығыстары 2023 жылға – 2,5 трлн теңге, 2024 жылға – 1,9 трлн теңге, 2025 жылға – 1,7 трлн теңге сомасында жоспарланған, – деді жоба бойынша жасаған баяндамасында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. Оның сөзіне қарағанда, экономиканың нақты секторын қолдауға арналған бюджет шығыстарындағы басымдықтар өңдеу өнеркәсібін дамыту; өңірлерде жалғасатын инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру; кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау; көлік және газ тасымалдау жүйесін дамытуға бағытталған. Ерұлан Кенжебекұлы заң жобасын талқылау барысында бірқатар түзетулер енгізілгенін атап өтті. Атап айтқанда, депутаттар бастамашылық жасаған бірінші блог халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған. Онда халықты таза сумен қамтамасыз етуге, газбен жабдықтау жүйесіне, көлік инфрақұрылымын дамытуға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға, сондай-ақ, денсаулықты сақтау объектілерін салуға қосымша шығыстар көзделген. Жалпы, 2023 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 6,2 трлн теңге бөлінетін болады, бұл жалпы бюджет шығыстарының шамамен 29,4% құрайды.

Ал түзетулердің Үкімет ұсынған екінші блогы Президент жолдауын және оның жекелеген тапсырмаларын қаржылай қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл зейнетақының орташа мөлшерін өсіруге, бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер кезеңін ұлғайтуға, Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуге, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтамасыз етуге және мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған шығыстар. Министрдің пайымдауынша, енді республикалық бюджетке түсетін мұнай түсімдерінің үлесі біртіндеп азаятын болады. Бюджетте Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт мынадай көлемдерде жоспарланып отыр: 2023 жылы – 2,2 трлн теңге; 2024 жылы – 2,0 трлн теңге; 2025 жылы – 1,9 трлн теңге. Нысаналы трансферт келесі жылға 1 трлн теңге және 2024 жылға 400 млрд теңге мөлшерінде айқындалған. Мұнайдан басқа түсімдердің үлесі 2022 жылғы 59,8%-дан 2025 жылға қарай 78,2%-ға дейін өсіру көзделген. Мұндай кірістер көлемінің ұлғаюы біртіндеп экономика диверсификациясының жақсаруына және меншік табыс көзінің нығаюына ықпал етеді. Бюджет тапшылығы биыл жалпы ішкі өнімге 3,3%-дан 2025 жылы 2,5%-ға дейін кезең-кезеңімен төмендейді деп күтілуде. Ал шығыстар биылғы жоспарға қарағанда 2,2 трлн теңгеге ұлғайып, 2023 жылы 21 трлн теңгеге немесе жалпы ішкі өнімге 17,4%-ды құрайды деп жоспарланып отыр.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,