Қонаевта «академиялық қалашық» құрылуы мүмкін

Мемлекет басшысы Алматы облысына сапары барысында Қонаевта академиялық қалашық құру мәселесін қарастыруды тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, Қонаев ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек. Қазір жоғары оқу орындарының көбі Алматыда орналасқан.

«Бұл халық онсыз да тығыз қоныстанған қаланың ахуалына өз әсерін тигізеді. Онда көлік кептелісі көп. Жатақхана және қолжетімді баспана тапшылығы бар. Шаһардың ауасы да ластанып барады.

Осының бәрін ескере отырып, Қонаевта «академиялық қалашық» құру мәселесін қарастырған жөн деп санаймын. Ірі қалалардың жанынан инновациялық орталық құрған елдер аз емес. Үкімет бұл мәселе бойынша жаңа жылға дейін нақты ұсыныс беруі керек», — деді Президент.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.

Болашақ зейнетақыны қалай көбейтуге болады? 

БЖЗҚ ерікті жарнаның артықшылықтарын түсіндірді.

Қазақстанда не үшін 15 тәулікке қамауға алуы мүмкін? – Адвокаттың түсініктемесі 

Вандализмді басқа құқық бұзушылықтардан ажырата білу маңызды.

Оқу бағдарламасына жасанды интеллект енгізілді: Қандай өзгеріс болады? 

Енді Қазақстан мектептерінде жасанды интеллект жеке пән ретінде оқытыла бастайды.

Президент Тоқаевтың 30 жылдан астам уақыттағы айтқан сөздері бір кітапқа топтастырылды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 30 жылдан астам уақыттағы маңызды ой-пікірлері алғаш рет бір кітапқа топтастырылды. Басылымға не енді?