Бала күтіміне байланысты ұзартылған жәрдемақының қалай төленеді?

Бала күтіміне байланысты жәрдемақы 2023 жылдың қаңтар айына дейін төлем түрін алатын ата-аналарға автоматты түрде тағы 6 айға созылады. Яғни, бала 2022 жылдың 1 қаңтарынан кейін туса беріледі. Жәрдемақы мөлшері қайта қаралмайды, тек мерзімі ғана созылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бүгінгі таңда әлеуметтік отбасыларды қолдаудың қолданыстағы моделі мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің 6 түрін қамтиды. Ең негізгілерінің бірі — Президенттің жолдауында айтылған бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 1 жастан 1 жарым жасқа дейін ұлғайту. Осы ретте аталған норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қолданылады. 2023 жылдың қаңтар айында жәрдемақы мөлшерін алып отырса, бұл ата-аналарға жәрдемақы созылады. Яғни, бала 01.01.2022 жылдан кейін дүниеге келсе ілігеді. Ал оған дейін туса ала алмайды. Жәрдемақы мөлшері қайта қаралмайды, тек мерзімі ғана созылады. Бұл құқықты шамамен жарты миллионға жуық ата-ана пайдаланатын болады», – деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға үміткер әрбір ата-ана оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысты өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшерінің соғұрлым жоғары болатынын білуі тиіс. Бұл төлем бүгінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жүргізілген аударымдарға байланысты. Яғни, табыстың 40 пайызын құрайды. Ал енді жұмыс істемейтін немесе соңғы екі жылдың ішінде соңғы 6 айдан кем жұмыс өтілі бар ата-аналар бұл жәдемақыны мемлекеттік бюджеттен ғана алуға құқылы.

Мемлекеттің тарапынан төленетін жәрдемақы мөлшері 2022 жылы бірінші балаға — 18 317 теңге, екінші балаға — 21 мың 656 теңге, үшінші балаға — 24 мың 963 теңге, төртінші және одан да көп балаларға — 28 мың 302 теңге. Ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысты табыстың 40 пайызын құрайды.

Атыраудағы қанды қылмыс: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін 

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасының қазасына қатысты тергеу жалғасып жатыр – негізгі күдікті Сұлтан Сарсемалиевке тағылған айыптар кеңейтілді.

Солтүстік Корея АҚШ аумағына жететін зымыран әзірлеп жатқанын мәлімдеді – БАҚ 

Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ-тары АҚШ аумағындағы нысандарды соққыға алуға қабілетті деп мәлімделген зымырандарға арналған жаңартылған реактивті қозғалтқыштың сынақтан өткенін хабарлады

ҚҚС 16%: Жаңа Салық кодексі кімге қалай әсер етеді? 

Қазақстанда Салық кодексін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде Үкімет жанынан құрылған арнайы жобалық кеңсе аясында мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен сарапшылардан түскен ұсыныстар қаралып, қолданыстағы нормаларды жетілдіруге бағытталған 60-тан астам мәселе талқыланған.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.