12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әр отбасы шағын мемлекет

Әр бала үшін отбасы – ол жылулық пен мейірімділіктің, махаббаттың ұясы, бала отбасында өсіп-өнеді, тәрбие алады, баланы ол жерде әрдайым күтеді, жақсы көреді, кез-келген жағдайда қамқорлық көрсетіледі. Бұл-идеалды көріністегі отбасы. Ал қазір қоғамда толық емес немесе ажырасқан отбасы  деген сөздер құлаққа үйреншікті болып барады, әкесі жоқ отбасылар көбейіп келеді, мұндай жағдайда бала тәрбиесінің ауыртпалығы анасына түседі. Алайда осындай отбасында тәрбие алған балалардың психологиялық денсаулығы, өмірді қабылдауы ерекшеленетіні сөзсіз. Бала үшін ең бірінші ауыр тиетіні- ата-ананың жиі ұрыс-керісі, әкенің анасына қол көтеруі, әкесінің немесе анасының ішімдікке салынуы т.б.  Осындай факторлар отбасының бұзылуына әкеп соғады.Толық емес отбасының пайда болуының ең басты себебі- ажырасу, сондай-ақ некесіз байланыстың, азаматтық некелердің көбеюі. Толық емес отбасындағы балалар әлеуметтік жағынан қиналып қана қоймай, яғни бұл жерде балаға материалдық жағдай көбіне тек бір ата-ананың тарапынан болатыны жасырын емес, сонымен қатар психологиялық жай-күйіне де  кері әсерін тигізетінін кәсіби психологтар бүгінде дабыл қағып айтуда. Олардың дәйектеріне сүйенсек, толық емес отбасында тәрбиеленген бала ашушаң, тұйық, көңілшек, кекшіл, қатал келеді, наразылық, күйіну, жалғызсырау сияқты эмоцияларды жиі сезінеді, кейіннен өсе келе әкесімен немесе анасымен кикілжіңге әкеледі, оларды тыңдамаушылық, сыйламаушылық орын алады, жалпы ата-аналардың арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы балалардың көңіл күйіне, рухани жағынан толыққанды дамуына зиянын тигізеді.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана халқымыздың салмақты сөздері отбасы  тәрбиесінің, ата-ананың балаға берер тәлімінің маңызын айқындап тұрғандай.Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше, бала тәрбиелеу олардың алдындағы ең күрделі де ардақты жұмыс. Бала тез еліктегіш, иланғыш болғандықтан жаманды да жақсыны да тез үйренеді, сондықтан ата-ана балаларына дұрыс үлгі көрсеткені абзал,балалардың тәрбиесі- алдымен олардың ата-анасының дұрыс өмір сүрулеріне байланысты. Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі зор, отбасы —  бала тәрбиесіндегі отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келеді, отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы. Қазіргі кезде отбасындағы бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігінің төмендеуінің салдарынан, толық емес отбасылар саны көбеюі себепті балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық, зорлық-зомбылық фактілері, ерте жүктілік, сондай-ақ қылмыстар мен құқықбұзушылықтар саны артуда. Мұны облысымыздың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатқан істердің санынан да айқын аңғаруға болады. Мәселен, 2021 жылдың 12 айында қаралған қылмыстық істер бойынша  13-і толық емес отбасынан шыққан болса, ағымдағы жылдың 8 айында қаралған қылмыстық істер бойынша  9-ы толық емес отбасынан шыққан. Сондай- ақ, азаматтық істер бойынша отбасылық дау-дамайлар саны артқаны, атап айтқанда баланың тұрғылықты жерін айқындау, баламен араласу тәртібін айқындау, әкелікті анықтау және алимент өндіру, алимент мөлшерін азайту туралы талап қоюлар бойынша істер  2021 жылы 354 істі құраса, ағымдағы жылдың 8 айында 222 іс болып отыр, айта кететін жайт бұл даулардың көбісі неке бұзу, ажырасу салдарынан, ал әкелікті анықтау туралы талаптар некесіз байланыстан немесе азаматтық некеден туындайды. Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізумен қаралатын тағы бір ерекше санаттағы істер бұл – девиантты мінез-құлықтағы кәмелетке толмағанды арнаулы оқу ұйымына жіберу. Мұндай істердің қатары да жыл сайын көбеюде, биылғы жылы осы санатта 4 іс қаралды, 4 кәмелетке толмағанның 3-еуі толық емес отбасынан. Бұл балалар бірнеше рет әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, үйлерінен қашып кетіп, қаңғыбастықпен айналысқан, мектептің және құқық қорғау органдарының ескертпелеріне, профилактикалық жұмыстарына бағынбаған, ата-аналарын(әкесін немесе анасын) мүлдем тыңдамайды.   Осы ретте заңнамамызға сәйкес ата-аналарын да жауапқа тарту көзделген – Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің «127-бабының 1-бөлігі ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы», «127-бабының 3-бөлігі кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе өзге ұйымның өзіне көрсетілген міндеттер жүктелген басқа да қызметкерінің кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген орындамауы». Аталмыш баптармен қаралған әкімшілік істердің санының артуы да көңіл көншітпейді, мәселен 2021 жылы 169 істі құраса, ағымдағы жылдың 8 айында 105 іс қаралып отыр. Бұл да ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапсыздығы салдарынан жол беріліп отырған көрсеткіш.

  Отбасы-қоғамның маңызды буыны, мемлекеттің іргетасы.Отбасының негізгі функциясына ұрпақты жалғастыру және оны сапалы етіп тәрбилеу жатады.  Мұны насихаттау, мемлекеттік қолдау  елімізде егемендігіміздің алғашқы жылдарынан-ақ жолға қойылған. Басқасын айтпағанда, ювенальды юстицияны дамыту, ювенальды соттарды құру- осы қоғамдағы отбасы институтын дұрыс қалыптастыру, кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау секілді мәселелерге бағытталған.  Сондай-ақ, биылғы жыл «Балалар жылы» болып бекітіліп, игі бастамалар жасалуда,  түрлі отбасылық шаралар, «Мерейлі отбасы» секілді республикалық деңгейдегі конкурстар ұйымдастырылуда, материалдық қамтамасыз ету мақсатында жәрдемақылар көбейтіліп, тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламалары іске қосылуда т.с.с.  

Әр ата-ана отбасының ең маңызды қызметі- тәрбиелеушілік міндеті екендігін, баланы өмірге келтіріп қана қоймай оның толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету қажеттігін сезінгені абзал.

А.Есниязова

Ақтөбе облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...