Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті тексеруге қатысты мораторий мерзімін ұзарту ұсынылды

Елімізде шағын кәсіпкерлікті тексеруге арналған мораторий 2024 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Сәйкес өзгерістер «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізу туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізу туралы құжат жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.

«Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар шағын кәсіпкерлікке, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша жүргізілетін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатсын», – деделінген жаңа редакцияда.

Құжат жобасын жария түрде талқылау 11 тамызға дейін жалғасады.

Депутаттар әскери ерлі-зайыптыларға берілетін төлемді қысқартуды ұсынды 

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” заң жобасы аясында бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған түзетулерді таныстырды.

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережесі өзгереді

1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізіледі. Жаңа жүйе іріктеу процесін толыққанды цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Тегерандағы шабуылдардан ДДСҰ кеңсесіне зақым келді 

Иран астанасына жасалған шабуылдардан Тегерандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесі зақымдалды.

1 сәуірге валюта бағамы 

ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді 

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау процесіне өзгерістер енгізілді.