Алдағы күндерге күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша  2022 жылдың 26-28 шілдесіне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің мәліметінше, ел аумағында қатты ыстық сақталады.

“Республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. 26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі” – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар күндізгі уақытта республиканың батыс өңірлерінде ауа температурасының +25 +35°С-тан +30 +40°с-қа дейін көтерілуі күтілуде, ал елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасының күндіз +30 +35°С-тан +20 +30°с-қа дейін біртіндеп төмендеуі болжануда.

Қазақстанның орталығында ауа температурасы +30 +38°С-тан +27 +35°С-қа дейін төмендейді, елдің шығыс облыстарында болса ауа температурасы +22 +32°С-тан +27 +38°С-қа дейін көтеріледі. Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық сақталады: +40 +45°С.

Жаңа оқу жылының күнтізбесі: Оқушылар қанша күн демалады?

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027...

Мектеп формасына қатысты маңызды мәлімдеме жарияланды

Мектеп формасын белгілі бір дүкеннен сатып алуға ешкім мәжбүрлей...

TikTok пен Instagram-да бейәдеп сөз айтқан тұрғын 5 тәулікке қамалды 

Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, интернет кеңістігінде...

Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    «Қазгидромет» РМК 30 шілде мен алдағы күндерге еліміздің 16...

“Алматы жастары“ бағдарламасының қорытындысы шықты

"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша өтініштерді қарау аяқталды, - деп...