Елімізде шетелден көлік әкелуге шектеу болмайды

Заңнаманы бұзбай әкелінген шет мемлекеттерде тіркелген автомобильдерге қатысты шектеу салынбайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше бірқатар БАҚ-та жақын шетелден Қазақстанға автокөлік әкелуді шектеу туралы жаңалық жарияланды. Осыған байланысты премьер-министрдің баспасөз қызметі түсініктеме берген жөн деп санайды», — делінген хабарламада. 

Бүгінде шетелдік көлік құралдарын заңнаманы бұзып, елге әкелу жағдайлары жиілеп кетті. Ұрланған немесе кепілге қойылған, жалған нөмір тағылған және т.б. автомобильдерді пайдалану деректері анықталып жатыр.

«Мәселен, былтыр ғана басқа елдердің құқық қорғау органдарымен салыстыру қорытындысы бойынша Қазақстанға әкелінген 35 мыңнан аса автомобильдің банк тарапынан және заң бойынша шектеулер болғаны анықталды. Сонымен қатар, 600-ден аса көлік елге әкелу кезінде ЕАЭО-ға мүше елдердің құқық қорғау органдарының іздестіруінде болып шықты», — деп деректер келтірді баспасөз қызметі өкілдері.

Осыған байланысты Қазақстанға «проблемалық» автокөліктің әкелінуін алдын алу және жалпы әкімшілендіруді жақсарту үшін Көлік құралдарын әкелу ережелері (уақытша ережелерді қоса алғанда) әзірленіп жатыр.

«Онда мұндай автомобильдер бойынша бақылауды күшейту тетіктері, тіпті оларды елге әкелуді шектеуге дейін көзделетін болады. Бұл ретте аталған шаралар Қазақстан Республикасының аумағына заңнаманы бұзбай әкелінген және пайдаланылатын шет мемлекеттерде тіркелген автомобильдерге қатысты қолданылмайды», — деді премьер-министрдің баспасөз қызметіндегілер.

ОСК Құрылтайдың 145 депутатын тіркеді 

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Құрылтайының депутаттарын тіркеді.

Алматыдағы Саин көшесіндегі арнайы жолақ алынып тасталатын болды 

Саин көшесіндегі арнайы жолақ қаланың ең көп көлік жүретін магистральдарының бірінде қоғамдық көлікке басымдық берудің тиімділігін бағалау мақсатында пилоттық режимде ұйымдастырылған болатын.

«Әділет» партиясы Құрылтайға баратын депутаттардың тізімін жариялады 

«Әділет» партиясы Құрылтайдың I шақырылымындағы депутаттық мандаттарды бөлді.

Президент жарлықтары: Жоғары лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық шешім қабылдады.

Президент тапсырмасы: Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жоспарын бекітті 

Жоспар азаматтар мен мемлекеттік аппаратқа, бизнес пен экономикаға бағытталған цифрлық трансформацияны қамтиды.