Елімізде шілде айында ұн тағы да қымбаттауы мүмкін

Ұнның тоннасы 250 мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы астық өңдеушілер одағының президенті Әлихан Талғатбек мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz Ақпарат агенттігі.

Биыл ақпан-маусым айының аралығында ұнның тоннасы 160 мың теңгеден 220 мыңға дейін көтерілген.

«Шілдеде біз ұнның бағасын тағы өсіруге мәжбүрміз. Өйткені астықтың тоннасы 170 мың теңгеге дейін жетті. Сондықтан ұнның тоннасын 220 мыңнан 250 мың теңгеге дейін көтереміз. Баға шамамен 23%-ке өседі. Бұл барлық ұн өнімдерінің қымбаттауына әкеледі», – деді ол.

Одақ ақпаратының мәліметінше, қазір нарықты ресейлік кәсіпорындар жаулап алды. Себебі баға жағынан біз оларға бәсекелесе алмаймыз.

 «Ресей ұн экспортына шектеу енгізгендіктен соңғы бірнеше айда қазақстандық диірмендердің 80%-нің жұмысы тоқтатады. Елде 174 диірмен жұмыс істеді. Салдарынан біз Тәжікстан мен Өзбекстан нарығын жоғалттық. Бұл мемлекеттерге жіберілетін ұн экспортының көлемі қысқарды», – деді одақ президенті Әлихан Талғатбек.

Елімізде колледждерге бөлінетін қаржы 34%-ға артты 

Соңғы үш жылда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне мемлекеттік қолдау күшейіп, қаржыландыру, білім беру тапсырысы және студенттер саны артты.

Непалдағы көшкіннен қаза тапқандар саны 1355 адамға жетті 

Тағы 4 996 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Қазақстандықтардың 82%-ы тұрғылықты жеріндегі өмірге риза – экономист 

Қазақстандықтардың басым бөлігі өз қаласы мен ауылындағы оң өзгерістерді байқап отыр.

Әлеуметтік қызметкерлерге жаңа талап: Қазақстанда біліктілік қалай бағаланады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік қызметкерлердің 1 251-і үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейді. Мамандардың басым бөлігі – 55,5%-ы ауылдық жерлерде, қалған 44,5%-ы қалаларда еңбек етеді.

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді

2027 жылдан бастап кей азаматтарға әлеуметтік төлем берілмеуі мүмкін.