Қай жастағы балалар пойызда тегін жүре алады?

Балалардың тегін жол жүруі отбасылар үшін саяхат шығындарын едәуір азайтады. Kaz.tengritravel.kz тілшісі «Қазақстан теміржолшысы» газетіне сілтеме жасап, ата-аналарға нені білу керегі туралы айтып береді.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ ережелеріне сәйкес балаға жеке орын қажет болған жағдайда балалар билетін сатып алу қажет.

«Балалар билеттері 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға алынуы керек және олардың құны ересектер билетінің жартысына тең. 15 жастан бастап балаға ересек билет сатып алынады», — делінген компания хабарламасында.

Бұл ретте 15 жасқа дейінгі балалар міндетті түрде заңды өкілдерінің еріп жүруімен немесе сенімхат бойынша жүруі тиіс. Ал 15 жастан бастап олар өздігінен жүре алады.

«Егер бірнеше бала болса, онда сіз олардың біреуін ғана тегін алып жүре аласыз, тек ол бөлек орын алмауы керек. Бөлек орын үшін билет керек», — делінген сайтта.

Мемлекетаралық тасымалдарға келетін болсақ, бес жасқа дейін балалар орын ұсынбай тегін жүре алады; бес жастан 10 жасқа дейін жол жүру құны — балалар тарифі бойынша; 10 жастан 15 жасқа дейін Қазақстан ішінде билет құны толық құнның 50 пайызын, ал басқа мемлекеттердің аумақтары бойынша — толық тариф бойынша құрайды.

127 мың талапкер, 75 мың грант: Биылғы конкурс қалай өтеді?

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қай санатта?

Өзін-өзі жұмыспен қам­тыған адам – жаңа Салық кодексіндегі экономикалық белсенді азамат­тардың жаңа санаты. Оған дербес қызмет көрсететін немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жұмыс істейтін, жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын және салық заңнамасында белгіленген шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар жатады.

Мемлекет басшысы бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады 

Қазақстанның бірнеше елдегі дипломатиялық корпусында кадрлық өзгеріс болды. Президент жаңа елшілерді тағайындап, бірқатар дипломатты қызметінен босатты.

Үкімет Алакөлде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлді 

Мамандардың айтуынша, жоба Алакөл жағалауының одан әрі шайылуының алдын алып, көлдегі шөгінділердің табиғи қозғалысы мен қайта бөліну процесін сақтауға мүмкіндік береді.

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы кейінге қалдырылды.