10 шілдеден бастап Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы өзгереді

10 шілдеден бастап Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қайта қаралады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, алты мыңнан астам дәрі-дәрмектің 90 пайызының дерлік құны бұрынғы деңгейде қалады. Шекті көтерме және бөлшек бағаның өсуі жүз елу дәріге әсер етеді. Бұл нарықтың оннан бір бөлігі. Бірақ дәрі-дәрмектің екі пайызы ғана арзандайды.

Үкіметте бүгін елімізде дәрі өндіру мәселесі талқыланды. 2025 жылға дейін Қазақстанда қолданылатын дәрінің жартысы отандық өнім болуы шарт. Халықаралық клісімдер қайта қаралатын болады. Денсаулық сақтау министрі дәрі елде өндірілетін болса, бағасы да арзан болатынын мәлімдеді.

“Елімізде инновациялық, түпнұсқа препараттар дайындалып, ғылыми клиникалық орталықтар қалыптасу керек. Әрине дәріні өзіміз өндіретін болсақ, баға сәйкесінше төмен болады. Сырттан алып келетін препараттардың бағасына валюта, логистикадағы мәселелер әсер ететіні белгілі”, – дейді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.