Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда Ұлттық құрылтай құрылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды», — делінген хабарламада.

Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері белгілі болды.

«Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:

— қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;

— жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;

— өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру», — делінген хабарламада.

Президент Жарлығының толық нұсқасы «Ақорда» сайтында жарияланған.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысын жариялағаны хабарланған болатын.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.