12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БАЛА — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ТУМЫСЫ

Қазақ қай заманнан бері ақиқатын айтатын, елге сөзі өтімді тұлғаларды дау-шардың ақ-қарасын айтсын деп қазы сайлап, «би» деп айдар таққан. Әділдігімен елдің аузында жүрген, дала заңының сақталып, көшпенділер мәдениетінің салтанат құруы жолында қара қылды қақ жарған билердің қызметін осы күндері соттардың атқарып жүргені белгілі. Бабалар салған сара жолға қарар болсақ, билер тек қана дауды шешуші емес, халықты түзу жолға бастайтын дұрыс адам, ел ішіндегі аса маңызды шаруаларды шешуде ақылшы, ұрпаққа жол көрсететін тәрбиеші болған.

Сондықтан болар, «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген керемет нақылды ұстанған менің ойым да, айтар сөзім де ұрпақ тәрбиесіне, отбасының құндылығына ауа береді. Көштен қалмайық деп жаһанданудың керегін де, керек емесін де үстімізге жамай берген қазіргі қоғамда кейбір жандар үшін отбасының, бала тәрбиесінің маңыздылы қалмағанын айтып та, жазып та жүрміз. Шырылдайтын себеп те бар. Соттар ешқашан некені бұзуға асықпайды. Арыз түскен күннен бастап шешім шыққанға дейін, тіпті, шешім заңды күшіне еніп, орындалуға кеткенге дейін тек қана бітімге келуді, отбасын сақтауды ғана сөз етеміз. Оған бірі құлақ асса, бірі қырын қарайды. Осы күндері көңіліме кірбің салған жайттар орын алып жүр. Оның бірі – әке құқығынан айыру туралы арыздардың сотта қаралуы. Ажырасып, баланы көрсетпегені былай тұрсын, енді әкені бала өмірінен біржола аластату деген өте күрделі мәселе. Осындай істің бірі облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасында қаралды. Бірінші саты сотымен талап қанағаттандырылмаған. Талап қоюға және құжатқа қарағанда, бала туған кезде ерлі-зайыптылар ажырасқан. Содан бері әкесі баланы 5 жылға жуық уақыт көрмеген. Алимент өндіру туралы сот актісі де бар. Уақытында төленбегендіктен қарызы да қордаланған. Бар мәселе осы алименттің уақытында төленбегендігінде болып тұр. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 75-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасына сай, егер ата-аналар ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса ата-ана құқықтарынан айырылатыны көзделген.

Алайда жауапкердің сөзіне қарағанда, жақында әскери борышын өтеп келген, келгелі баласын бірнеше рет іздеп барған. Сонымен қатар, бала әлі өзін дұрыс танымайды, ал бұл баласының өзін әкесі ретінде танып өскенін қалайды, алдағы уақытта алимент төлейтінін де алға тартып отыр. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 29 қараша 2018 жылғы №15 «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 13-тармағына сай, ата-ана құқықтарынан айыру ең соңғы шара болып табылады. Жауапкердің «Берешек туралы қаулыға сай көлемді берешегі жиналып тұрғаны» туралы уәждері сот шешімін бұзып-өзгертуге негіз бермейді. Сот отырысы барысында талап қоюшының басқа отбасы бар екені, бала бүгінгі күні ата-әжесінің қарауында екені белгілі болды. Сондықтан, дәл осы жағдайда жауапкердің әкелік құқығынан айыру үшін алиментке қарызы бары негіз болып табылмайды. Бұл жердегі мәселе біреу ғана. Бала үшін өз ата-анасынан жақын ешкім жоқ. Баланың ата-анасын сыйлап өсуі оның жақсы азамат болуына ықпал етуі мүмкін.

Шолпан МАЛИКОВА, Қызылорда облыстық сотының судьясы

Остановить практику смертей за решеткой

МАЖИЛИСМЕНЫ ОБЕСПОКОЕНЫ КРИТИЧЕСКИМ УРОВНЕМ СМЕРТНОСТИ В СЛЕДСТВЕННЫХ ИЗОЛЯТОРАХ И...

Туды көлікке ілуге бола ма? Министрлік мәлімдеме жасады

Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді.

Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң қабылданды

Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихатына тыйым салуды көздейтін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Оқушы білімі vs жасанды интеллект: Балаларды қалай бағалау керек?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің (AI) қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтіп, білім беру саласында оның әсерін түсіну және қолдану қажеттігін айтты.

Қазақстандықтар орташа есеппен 75 жастан көп өмір сүреді

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес, күтілетін өмір ұзақтығы негізгі ұлттық көрсеткіштердің бірі.