Елімізде 1 шілдеден бастап сұйытылған газ, электр қуаты мен көмір бағасы көтеріледі

Сұйытылған газ, элетр қуаты мен көмірдің бағасы көтеріледі. Энергетика министрлігі жарық пен отынның жаңа бағасын ұсынып отыр. Бұл құжат 24 маусымға дейін ашық талқыланады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Ішкі нарықтағы сұйытылған газдың шикі бағасы 2022 жылғы 1 шілдесінен 2023 жылдың 30 маусымын қоса алғандағы кезеңде 1 тоннасы үшін 33 600 теңге мөлшерінде бекітілмек. Қазір сұйытылған газ бағасының шекті мөлшері 28 000 теңгені құрайды. 

Электр энергиясын өндіруші 26 ұйым шекті тарифті өзгерту бойынша өтінім жасаған. Осыған байланысты 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап бағаның өсуі болжанып отыр. Бірақ нақты сомасы айтылмады. Сондай-ақ жыл соңына дейін “Богатырь Көмір” ЖШС-да көмір бағасы 30 пайызға өсуі мүмкін. 

Еске сала кетейік, 6 қаңтарда үкімет газдың шекті бағасына қатысты 180 күндік мараторий жариялаған болатын. Бұл шектеу келесі айда бітеді. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.