Қазақстан мектептерінде бұдан былай ата-аналар жиналысы өткізілмейді

ҚР білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов еліміздегі мектептерде ата-аналар жиналысының форматы өзгеріп жатқанын айтты. Оның ойынша, барлық ата-аналарды бір сыныпқа жинап, балалардың үлгерімін талқылаудың қажеті жоқ.

«Мектептерде ата-аналар жиналысын өткізу мәселесі бірнеше рет көтерілді. Өткен жылы ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшу тапсырылды. Бұрынғыдай барлық ата-аналарды сыныпқа жинап, баланың үлгерімі мен мінез-құлқын талқылаудың өажеті жоқ. Басқа ата-ананың көзінше басқа біреудің баласын талқылауға болмайды. Әрбір ата-анаға баласының үлгерімі мен мінез-құлқы туралы ақпарат берілуі керек. Әрине, сіздің көзіңізше баласының үлгерімін талқылайтындықтан оның ата-анасы мектеп жиналыстарына келгісі келмейді», — деді министр.

Аймағамбетов мұғалімдердің ата-аналарға балаларының қай пәнге көбірек қызығатыны және одан әрі нені оқуы керектігі туралы бөлек хабарлауы керектігін айтты.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.