12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дауды шешудегі дара институт

Былтыр 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкім­шілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енген болатын. Қазіргі таңда соттармен кодекстің барлық талаптарына сәйкес әкімшілік істер қаралып, олар өзінің оң нәтижелерін беруде.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті тәжірибеге енгізу мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттің жеке тұлғаларға қатынасын жақсартуға ықпал етеді және мемлекеттік би­лікті іске асыру дағдыларын арттырады.
Ол мемлекеттік орган­дардың ішкі әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді, сонымен қатар, әкімшілік органмен дау кезінде сот процесінде жеке тұлғаның заңды құқығын теңестіруге мүмкіндік беретін құралдарды қарастырады. Сондай-ақ, онда татуластыру рәсімдері де көзделгенін ерекше атап өту қажет. Жалпы, қазіргі таңда сот жүйесі, заман талабына сай әлемдік құқық жүйесінің стандарттарына ыңғайластырылғанын атап өту керек. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Сонымен қатар, бүгінгі сот кешегі дала билерінің дауды шешу институтының бай тәжірибесіне сүйенуде. Себебі, бүгінгі медиация – кешегі билер жолы.
«Ел даусыз болмас» дегендей, дау кез келген қоғамда кездесетін құбылыс. Оны реттеудің тиімді, мәдениетті тәсілі болуы керек.
Қазіргі қоғамда барлық даудың соңғы нүктесі сот шешімімен қойылатыны мәлім. Алайда «Дау мұраты – бітім» дегендей, қандай болмасын туындаған дауды бітімгершілікпен аяқтаудың қоғамда мейлінше кең тарауы, әділетпен ұш­тасқан екі жаққа да жағымды және тиімді қанағаттанарлық шешім болуының кепілі десек артық емес.
Қазіргі таңда Әкімшілік рә­сімдік-­процестік кодексінде де татуластыру рәсімдері кеңінен қолданылуда. Мәселен, Байзақ аудандық сотының өндірісіне 2022 жылы мамыр айының аяғына дейін 20 әкімшілік талап түскен. Оның біреуі тараптардың келісімі бойынша медиация тәртібімен қысқартылған. Осы аталған әкім­шілік талаптың мәні бойынша қысқаша тоқтала кетейік.
Талап қоюшы А.-ның «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Жамбыл облысы бойынша филиалы жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Байзақ аудандық аумақтық бөлімшеге арыз берген Бұрыл ауылдық округі әкімінің шешімін заңсыз деп танып, оның күшін жоюды және Бұрыл ауылдық округі әкімінің шешімін негізге алып, талап қоюшы А.-ның атына тіркелген жер учаскелерін иелену құқығын тоқтату туралы «Мемлекеттік Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» бағдарламасына, яғни, мемлекеттік тіркеуге қате өзгеріс енгізген әрекетін заңсыз деп тану туралы талапқа байланысты әкімшілік іс қаралды.
Бастапқыда талап қоюшы А. көрсетілген жауапкерлерге қатысты әкімшілік талаппен сотқа жүгінген болатын, алайда сот талқылауы барысында іс бо­йын­ша тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келі­сімге келгендерін, сондықтан аталған келісімді бекітіп, талап қоюшы талабын кері қайтару туралы өтінішпен сотқа жүгінген.
Алайда, талап қоюшы А. әкім­шілік талабын мынадай шарттардың негізінде қайтарып алатындығы туралы айтып жеткізген. Жауапкер Бұрыл ауылдық округінің әкімі талап қоюшы А.-ның жер учаскесіне қатысты шешімін заңсыз деп танып, күшін жоюға міндеттенсе; жауапкер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Жамбыл облысы филиалы жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Байзақ аудандық аумақтық бөлімше талап қоюшы А.-ның кадас­трлық нөмірлермен белгіленген жер учаскелеріне қатысты «МЖК ААЖ» бағдарламасына ендірумен байланысты кеткен қателікті жо­йып, оның меншік құқығын қай­та жаңғыртуға мүмкіндік беретін мемлекеттік тіркеуге алуға және сәйкесінше жер учаскелеріне қатысты талап қоюшының құқығын қайтаруды белгілеген.
Өз кезегінде жауапкерлер талап қоюшының көрсетілген шарттарымен келісіп, медиациялық келісімге қол қойған және ол келісімді сот отырысында құптап, талап қоюшы А.-ның сотпен медиациялық келісімді бекіту туралы өтініші қанағаттандырылған.
Сондай-ақ, сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс өндіріспен қысқартылып, талап қоюшыға 1838 теңге мемлекеттік баж кері қайтарылған.
Дауласушы тараптар өзара келісімге келген жағдайда сот өндірісіне келіп түсетін қаншама дауларды қайтаруға болатынына тағы да көз жеткізсек болады.

Ерғазы Тілеубеков,
Байзақ аудандық сотының төрағасы

Жамбыл облысы

Еліміздің Ата Заңына 30 жыл!

Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына – 30 жыл. Қазақстан Конституциясы...

Сот кабинетінің ерекшелігі

Қазіргі уақытта ғылым мен техника қарыштап, дамыған елдерде қағазбастылықтан...

Қарамола ережесі: Абайдың әділетпен өрілген аманаты

Бүгінгі мақаламда, ұлы ақын, ойшыл ғалым, әрі ағартушы Абай...

АРЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕТІК БІЛЕТІН ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕНУ КЕРЕК

Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекстің...

Рақымшылық – Конституцияның 30 жылдығына арналған ізгілік актісі

Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік тарихындағы маңызды белестердің бірі –...