Қазақстанда ең жас аналар қай өңірде тұрады

Қазақстандықтар орта есеппен әйелдер 25 жасында тұңғыш рет балалы болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking басылымына сілтеме жасап. 

Қазақстанда ең жас аналар Түркістан облысында тұрады. Ал алматылықтар бұл мәселеде, керісінше, асығыстық танытпайды. 2021 жылы адам көп шоғырланған Түркістан облысында ең көп бала дүниеге келді — 65,1 мың адам. Көрсеткіш 6,2%-ке өскен. Үштікке Алматы облысы (55,2 мың, плюс 1,5%) және Алматы (37,9 мың сәби, плюс 6,7%) енген.

Солтүстік Қазақстан облысы бала саны ең аз дүниеге келетін өңір. Бір жылда 6,5 мың сәби өмірге келген. Бір жыл бұрынғыға қарағанда көрсеткіш 5,7%-ке аз. Солтүстік Қазақстан облысынан басқа, Қостанай және Павлодар облыстарында көрсеткіштің азаюы байқалды. Ал ең көп өсім Шымкентте тіркелді. Бір жылда бірден 11,5%-ке, 35,4 мың адамға көбейіп отыр. 

Елдегі барлық сәбидің жартысынан астамын 20-дан 29 жасқа дейінгі аналар босанған: 20-24 жас аралығында — 98,2 мың сәби, 25 — 29 жас аралығында — 137 мың сәби. Ал 14,5 мың сәбиді (3,3%) 20 жасқа толмаған аналар дүниеге әкелді.

30-34 жастағы аналардың көрсеткіші — 116,6 мың бала (26,1). Әйелдер жасы ұлғайған сайын жаңа туған нәрестелер саны да төмендейді. Мысалы, 35-39 жастағы аналарда — 64,2 мың бала, 40-44 жастағы аналарда — 15,1 мың бала, 45-49 жастағы аналарда — 725 бала, 50-54 жастағы аналарда — 53 сәби, 55 жастан бастап — 6 сәби дүниеге келді.

446,5 мың нәрестенің 395,7 мыңы тіркелген некедегі отбасында туылды. 20 жасқа дейінгі тұрмыстағы әйелдерде — 10,8 мың бала, 20-24 жастағы әйелдерде — 89 мың, 25-29 жастағы әйелдерде — 125,5 мың нәресте.

2021 жылы босанған ананың орташа жасы — 29,5 жас, 2020 жылы — 29,3 жас болды. Қалалық жерлерде бала туған аналардың орташа жасы — 29,9, ауылдық жерлерде — 29,1 жас.

Ең жас аналар 2021 жылы Түркістан облысында тіркелді. Тұңғышын босанған әйелдердің орташа жасы — 22,5 жас. Екінші орында Шымкент қаласы (23,9 жас), үшінші орында Жамбыл облысы (24 жас) иеленді. Алматыда сәбилі болуға аса асықпайды. Тұңғышын босанған әйелдердің орташа жасы — 28,1 жас. Одан әрі Астана (27 жас) және Алматы облысы (25,5 жас).

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.