12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БҰҰ Түркияның халықаралық атауын өзгертуді мақұлдады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Түркияның халықаралық атауын өзгерту туралы өтінішін мақұлдады, — деп хабарлайды Habertürk басылымы.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлудан Бас хатшы Антониу Гутерришке Түркияның шет тілдердегі атауын Turkiye деп өзгертуді талап ететін хат алғандарын айтты.

Дюжаррик ел атауын өзгерту хатты алған сәттен бастап күшіне енетінін айтты.

«Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен елдің беделін көтеру үшін басталған процесс аяқталуға жақын. Бүгін БҰҰ Бас хатшысының атына жолдаған хатым бойынша, еліміздің атын БҰҰ-да шет тілдерінде Türkiye деп тіркейміз. Тек жақсылыққа бастасын!», — деп жазды Чавушоглу.

Осылайша, бұдан былай Turkiye («Туркийе») атауы барлық халықаралық форумда және ресми құжатта қолданылады. Бұрын Turkey, Turkei, Turquie деп жазылған.

Еске салайық, Түркия БҰҰ-ға елдің атын шет тілдерінде жазуды өзгерту туралы ресми өтініш берген болатын. Бұл туралы Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында айтты.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...