12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Маймыл шешек ауруы адамға жұқты. ДДСҰ түсінік берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері Ұлыбританияға келген адамдар арасында маймыл шешегінің таралу қаупін бағалады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйым аурудың одан әрі таралу қаупі аз екенін хабарлады. ДДСҰ мәліметінше, қазіргі уақытта инфекцияның үш жағдайы белгілі. Науқастардың екеуі ауырмай тұрып Нигерияға барған. Олар карантинге жатқызылды. 

Алғашқы пациент 7 мамырда Корнуоллда анықталды, ол Лондонда емделіп шықты. Инфекция жұқтырған екінші адам Ливерпульде ауруханаға түсті. Осыдан кейін Біріккен Корольдіктің Денсаулық сақтау органдары байланыста болған адамдарды анықтауды және олармен жұмыс істеуді үйлестіру үшін жағдайды басқару тобын құрды.

ДДСҰ ауру малмен байланысқа түспеуді және жабайы жануар етін тағамда қолданбауға кеңес берді. Вирустық инфекцияның нақты көзі қайдан екені белгісіз, сол үшін Нигерияда ауру таралу қаупі сақталып отыр.

Айта кетейік, маймыл шешегі байланыс және тамшылар арқылы дем шығарғанда берілуі мүмкін. Шешек жұқтырған маймылдардың көпшілігі бірнеше апта ішінде жазылады, бірақ ауру кезеңі 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін. 

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...