Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз ақыры суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартамыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ақыры суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Amanat партиясының кезектен тыс съезі барысында Мемлекет басшысы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар еліміздің саяси архитектурасын кешенді түрде қайта пішімдеуге, билік тармақтары арасындағы тежеу ​​мен тепе-теңдік неғұрлым теңгерімді жүйесін құруға бағытталғанын айтты.

«Біз ақыры суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартамыз, парламенттің, мәслихаттың өкілеттіктерін күшейтеміз. Басымдықтардың бірі — партиялық-саяси саланы жаңғырту. Партиялық және сайлау заңнамасын либерализациялау биліктің барлық деңгейінде қабылданатын шешімдердегі қоғам рөлін күшейтеді», — деді Тоқаев.

Президенттің пікірінше, сайлаушылардың дауысы үшін бәсеке күшейе түседі.

Саяси процестің динамикасы мен мазмұны өзгеретіні сөзсіз. Осыны ескере отырып, елде жаңа партиялар пайда болады, ал бұрыннан бар партиялар өз қызметін азаматтардың өзекті үрдістері мен талаптарына сәйкес қайта қарап, қайта құра бастайды. Біз жалпы партиялық сала қозғалысқа келе жатқанын көріп отырмыз. Басталған өзгерістердің айқын көрсеткіші ретінде Adal партиясының Amanat партиясымен бірігуі туралы бастамасын айтуға болады», — деді Мемлекет басшысы.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...