Азаматхан ӘМІРТАЙ, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының төрағасы:
«Табиғатқа деген қамқорлық тек қағаз жүзінде»

– Қазақстандағы экологиялық қозғалыстар жұмысын жандандырудағы саяси партиялардың рөлі қандай?
– Экономикасы шикізатқа тәуелді ел болғандықтан экологиялық мәселе барлық жерде туындап жатыр. Олар жер үстіндегі өзен-көлдеріміздің лас­танып, тартылуынан, өсімдіктер мен жануарлардың азаюынан, мұнайдың төгілуінен туындауда. Мәселен, Теміртауда «Арселлор Миттал», Өскеменде «Kazzing», Жезқазғанда «Қазақмыс», ал батыста мұнай мен газ саласындағы «Tengizchevroil» мен «NCOC» компаниялары экологияға үлкен зардап жасап жатыр. Олардың артында шенеуніктер, олигархтар мен үлкен қаражат тұр. Бұл жерде экологиялық партия ғана ондағы мәселелерден қорғай алады. Басқа жол жоқ. Қоғамдық ұйымдарды олар назарына да алмайды. Сондықтан Қазақстанға қоршаған ортаны, адам денсаулығын қорғап қалу үшін міндетті түрде экологиялық партия керек.
– Әлем жұртшылығы 22 сәуірде Дүниежүзілік жерді қорғау күнін атап өтті. Бізде табиғатты қорғау мәселесі қаншалықты деңгейде жолға қойылған?
– Бізде табиғатты қорғау қағаз жүзінде, сөз жүзінде бар да, нақты іс жүзінде мүлдем қорғалмаған. Оны қалпына келтіру үшін үлкен қаражат қажет. «Жасыл экономиканы» дамытып, Париж келісімі бойынша шарттарды толық орындауымыз керек. ERG стратегиясын енгізуіміз қажет. Бізде басқа жол жоқ.
– Табиғатты пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтауды қадағалау жұмысы халықаралық деңгейде жүзеге асып жатыр ма?
– Табиғатты пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселесі халықаралық ұйымдардың жыл сайынғы саммиттерінде қаралады. 2015 жылы Париж­де Климаттың өзгеруін тоқтату келісіміне 196 мемлекет қол қойды. 2016 жылы өз күшіне енген бұл келісімді Қазақстан ратификация жасағанымен, ондағы шарттарды толық орындай алмай жатыр. Экология министрлігі бюрократтық мекемеге айналды. Жұмыста ешқандай нақты нәтиже болмауда.
– Қоршаған ортаны қорғаудағы Үкіметтің жұмысын Парламент қаншалықты қадағалап отыр?
– Заң шығарушы басты орган экологиялық мәселеде мүлдем жұмыс жасап отырған жоқ. Үкімет экологиялық мәселеде тек қана Париж келісімі бойынша төменгі көміртекті ұлттық доктринаны жасаумен қалып отыр. Басқа әрекет байқамадым.
– Парламенттегі экология саласының кәсіби мамандары депутаттық өкілеттігін қаншалықты тиімді пайдалануда?
– Парламентте экология бойынша кәсіби маман бар дегенмен, олардың ешқандай нақты ісін көрмедік. Депутат болғандар экологиялық мәселелерді көтергеннен, жаманатты болмай тыныш отырғанды жөн көретін сияқты.
Экология саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттар біздің елімізде қаншалықты сақталып отыр?
– Халықаралық ең үлкен құжаттың бірі – Париж келісімі. Қазақстан оны ратификация жасап, парник газын төмендетіп, түрлі технологияларға көшуді өз мойнына алды. Бірақ бүгін біз не көріп отырмыз? Бұл бағытта мүлдем ешнәрсе жасалмады. Бәрі тек қана сөз, жұмыс жоқ. Мысалы, араб елдері 18 млрд ағаш отырғызамыз деді, егілген ағаш мәуелі баққа айналды. Қазақстан қанша ағаш отырғызады, ол қалай басталады, қалай істеледі, кім жасайды? Бұл мәселенің басы әлі ашық тұр. Сондықтан Қазақстан халықаралық стандарт бойынша Париж келісімі, ISG стратегиясының стандарттарын, тағы да декорбонизация сияқты мәселелердің бәрін ұстанып отырған жоқ. Ұстануы тек, сөз жүзінде. Қаладағы жылу энергиясы орталықтарын қараңыз. Жезқазған, Қарағанды, Теміртаудағы үлкен зауыттардың мұржасынан шығып жатқан түтінді өзіңіз де күнде көресіз. Не өзгерді?
Біз «Арселлор Миттал», «Kazzing», «Қазхром», «Қазақмыс», «Қазфосфат», «Қазақстан алюминий», «Tengiz­chevroil», «NCOC», «NRG» және тағы басқа да компаниялардан экологияға келген 100 млрд доллар шығынды қайтаруды мақсат етіп отырмыз. Оның 50 млрд долларын бюджетке таяу уақытта қайтару жоспарымызда бар. Ал оған тек партияның ғана әлі жетеді. Ол халықаралық дәрежеде серіктестерді қосу үшін керек. Бүгінгі күннің өзінде «Tengizchevroilға» – 15 млрд долларды, «Арселлор Митталға» – 10 млрд долларды, «Қазақмысқа» – 6 млрд доллар, «Kazzingке» – 3 млрд-қа жуық долларды қайтаруды талап етіп отырмыз.
– Бастама сәтті аяқталсын. Сұхбатыңызға рақмет.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Между долгом и справедливостью

ДЕПУТАТЫ ПОДВЕРГЛИ КРИТИКЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ И НАМЕТИЛИ ПУТИ РЕФОРМЫ СИСТЕМЫ ИСПОЛНИТЕЛЬНОГО ПРОИЗВОДСТВА, ПОДЧЕРКНУВ НЕОБХОДИМОСТЬ УСИЛЕНИЯ ЗАЩИТЫ ПРАВ ГРАЖДАН, ПРОЗРАЧНОСТИ РАБОТЫ ЧСИ И ВНЕДРЕНИЯ СОВРЕМЕННЫХ ЦИФРОВЫХ ИНСТРУМЕНТОВ КОНТРОЛЯ.

БIЗДI БIРIКТIРЕТIН — ОРТАҚ ОТАНҒА ДЕГЕН АДАЛДЫҚ

Қазақстан Республикасының Судьялар одағының атынан баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Өрт қаупі күшейді: ТЖМ тұрғындарға үндеу жасады 

Жылы күндердің басталуына және өрт қауіпті маусымның келуіне байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі артып отыр.

Бір шаңырақ астындағы халық: Қазақстанның этнос құрылымы қалай өзгеріп жатыр?

2026 жылдың басында республика бойынша қазақтардың үлесі 71,5%-дан асады.Қазақстандағы...

Қазақстан халқының бірлігі күні: мерекеге орай қайда баруға болады?

1996 жылға дейін Қазақстанда 1 мамыр Еңбек күні ретінде...