12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Маңғыстаулық кәсіпкер өз өнімін Эстония цифрлық технологиялар саласына енгізбек

Қазақстанның Эстониядағы елшісі Нұрлан Сейтімов қазақстандық делегация мен Эстонияның мемлекеттік мекемелері өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.  Делегация құрамына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «НЗМ» АҚ және IT компаниялардың өкілдері кірді. Маңғыстау облысынан «Mediana Services Limited» IT компаниясының басшысы, Маңғыстау облысы Өңірлік кеңесінің мүшесі Өмірбек Құрбанбаев қатысты.

Сапар барысында қазақстандық тарап Эстонияның мемлекеттік қызметтер саласында цифрлық кеңістік құру, медицинаның электрондық жүйелері, салық, кедендік әкімшілендіру, білім беру, көлік логистикасы, сондай-ақ технологиялық хабтарды қалыптастыру тәжірибесімен танысты. Қазақстандық қатысушылар мұндай кездесулердің пайдалы екенін атап өтті. Эстония тарапы да болашақта қос ел арасындағы ақпарат алмасуды және байланыстарды өзектендіру үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығына назар аударды.

Шара барысында қазақстандық «Mediana Services Limited» IT компаниясы мен Эстонияның «IN Deal OÜ» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Оған қазақ елі тарапынан компания жетекшісі Өмірбек Құрбанбаев қол қойды. Осылайша қазақстандық IT шешімдер тиісті деңгейде және Еуропа елдеріне экспорттауда үлкен әлеуетке ие болмақ.

«Қол жеткізілген құжат екі жақты ынтымақтастық жобаларды іске асыруға, біздің компанияның IT өнімдерін Эстонияға және Еуроодақ нарықтарына шығаруға, эстондық бизнес-әріптесіміздің қазақ нарығына келуіне ықпал етеді. Нақты айтатын болсақ, Таллинн қаласында кеңсемізді ашып, екі ІТ-өнімімізді Еуропа нарығына бейімдеп экспортқа шығаруды қолға аламыз. Кәсіпорындарға арналған корпоративтік смарт IoT шешімдеріміз және  білім беру саласындағы балабақшаларға арналған интерактивтік-бағдарламалық жобамыз бар. Осы екі жобамен нарыққа қадам бастап жатырмыз»,- дейді Өмірбек Құрбанбаев.

Бұл келісім екі елдің елшіліктері мен Астана дипломатиялық клубы бірлесіп Эстонияның цифрлық тәжірибесін зерделеу шеңберінде ұйымдастырған қазақстандық делегацияның 2021 жылғы қарашадағы сапарының жемісі.

Жазира Қуанышбекқызы

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...