12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Грек-рим күресінен АЧ: Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте І-орын алды

Ұлан-Баторда грек-рим күресінен Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық біріншілігіне Қазақстан сапынан 10 спортшы қатысып, оның тоғызы жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, грек-рим күресінің шеберлері екі алтын, бес күміс және екі қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы ұпай саны бойынша жалпыкомандалық есепте Азия чемпионатында көш бастады.  Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша «классиктер» барлығы 180 ұпайға ие болған. Иран құрамасы екінші болса, Қырғызстан балуандары үздік үштікті түйіндеді, делінген olympic.kz сайтында.

Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды 130 келіде белдескен Әлімхан Сыздықов салды. Ол финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Минсокты таза жеңіспен ұтты. 

Жарысқа ширек финалда қосылған ол Роман Кимді, жартылай финалда жапониялық Арато Сонададан айласын асырған болатын.

Жарыстың екінші күнінде Мейіржан Шермаханбет әдемі күрес көрсетіп, 67 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. Финалда екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Азия ойындарының чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы Рю Хан Суды (Оңтүстік Корея) кілемге екі рет алып ұрып, уақытынан бұрын 11:3 есебімен жеңіске жетті.

Жеңіл салмақта сынға түскен Аманғали Бекболатов финалда жапониялық Ю Шиотанимен белдесті. Екеуара кездесу 13:2 есебімен жапониялық балуанның еншісіне шешілді.

Ұлан-Батор бозкілемінде Мирамбек Айнағұлов Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды. 63 келінің алтынын сарапқа салған отандасымызды шешуші белдесуде Тынар Шаршенбеков тоқтатты. 

77 келіде Мақсат Ережепов қырғызстанның атақты балуаны, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ақжол Махмұдовпен белдесті. Ақтық кезеңде қазақстандық спортшы 3:1 есебімен қарсыласынан жеңіліп қалып, құрама қоржынына үшінші күмісті әкелді. 

Күміс саны жарыстың екінші күні де толықты. 72 келіде Абылайхан Әмзеев Мохаммад Реза Ходжатолла Махториге есе жіберсе, 82 келіде Диас Қален Иран спортшысы Расул Саде Гармсириге қарсы тұра алмады. 

Қазақстан сапындағы тәжірибелі балуандардың бірі Нұрсұлтан Тұрсынов та жүлдеден тыс қалмады. Ол 87 келіде ол жұбаныш белдесуінде қырғызстандық Мелис Айтбековты 7:2 есебімен ұтып, қола жүлдеге ие болды. Ал 60 келіде Ернұр Фидахметов моңғолиялық Балжинням Цевеенравданды ұтып, қоланы қанағат тұтты. 

Осылайша, бас бапкер Серік Жұмашев баптаған грек-рим күресінен ұлттық құрама ұландары Азия чемпионатын тоғыз 9 медальмен Азия чемпионатын аяқтады. Ұлан-Батор бозкілемінде 21-22 сәуір күндері бұрымды балуандар өзара мықтыны анықтайтын болады.

Кредит нарығындағы өзгеріс: кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда халықтың барлық кредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының (ЖТСМ) шекті мәндері азайтылған.

16 жасқа толмаған балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салынды

Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы ел болды. Көптеген ғалым мұны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және әлеуметтік байланыстарына шектеудің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе деп бағалап отыр.

Қазақстанда киімдер АҚШ пен Жапониядан қымбат екені рас па?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "Қазақстанда киім мен аяқ киім АҚШ-қа, Жапонияға және Канадаға қарағанда қымбат" деген ақпарат тарады.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері мерекеге байланысты  екі күнге жабылады.

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.